Қоғам

Әр балаға – 21 мың теңге: депутат бала-шағасын өз күшімен асырап отырғандар туралы айтты

© AP Photo / Shizuo KambayashiӘйел мен бала
Әйел мен бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенат депутаты Бекназаров мемлекеттің қамқорлығы азаматтардың масылдыққа бой алдыруына жол бермеуі керектігін айтты

АСТАНА, 18 наурыз – Sputnik. Сенат депутаты Бектас Бекназаров жергілікті тұрғындармен өткен кездесуде атаулы әлеуметтік көмекке қатысты туындаған мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Деньги, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Экономика
Бір баласы барлар да 21 мың теңгені алады

Сенатор мемлекеттің қамқорлығы азаматтардың масылдыққа бой алдыруына жол бермеуі керек екенін атап өтті. Депутат халықтың тұрмысы төмен тобының табысын арттыруға бағытталған әлеуметтік шараларды іске асыруда келесі мәселелер әділетті шешілуі қажет екенін айтты.

"Ең біріншіден, бұл қамқорлық тұрғындарды өз проблемаларын мемлекетке артып, енжарлық пен бейқамдыққа, тіпті масылдыққа ден қоюға ынталандырмау керек. Себебі, бұл көмек жанталасып жұмыс істеп, табыс тауып немесе соған ұмтылып, бала-шағасын өз күшімен асырауға талпынып, соның нәтижесінде төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары табыс тауып жүрген отбасыларға берілмейді. Мейлі, олардың бес баласы, он баласы болсын, олар бұл көмекті алмайды. Сөйте тұра бұл көмек мұндай еңбекке ұмтылмай, әйтеуір күнін өткізіп, жанын бағып жүрген жанұяларға беріледі, бір ғана баласы болса да", - деді Бекназаров сенатта өткен кездесуде.

4 баласы бар отбасылар шілдеден бастап қанша жәрдемақы алады?

Айтуынша, бұл мәселе депутаттардың өңірлерге жасаған сапарында көтерілген.

Сонымен қатар, сенатор отбасының жиынтық табысын есептеген кезде, зейнеткерлердің зейнетақысын табыс көзіне қосу қаншалықты дұрыс екенін сұрады.

Светлана Жакупова - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Осы әділетті ме?" Жақыпова 21 мың теңге мен қорадағы мал туралы айтты

"Олар алып жүрген зейнетақы кезінде өз жалақысынан жиналған, қартайғанда күн көру мақсатында жинаған олардың өз қаражаты емес пе? Ол қалай кіріс көзі болады?", - деді Бекназаров.

Бұған қоса, сенат депутаты жергілікті жердегі жұмыспен қамту орталықтары мен әкімшіліктердегі әртүрлі бюрократтық талаптарды көтерді. Айтуынша, бұл талаптар көмекке мұқтаж отбасылардың әлеуметтік көмекті дер кезінде алуына кедергі тудырады.

"Сол кедергілердің бір бөлігі үлкен қалалар мен облыс орталықтары маңында шоғырланған отбасыларды тиісті тіркемеудің салдары. Үй-күйсіз жүрген жандар кімге барып және қалай тіркелмек? Ал енді тіркеусіз ешкімге ешқандай көмек берілмейді", - деді депутат.

Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмек кімдерге берілмейтінін айтты

Ол жалпы сомасы 6,5 миллиард доллардан асатын әлеуметтік қаржының әділетті игерілуін қамтамасыз ету үлкен дайындықты қажет ететінін атап өтті.

"Бұл ұрандатып өткізе салатын бір реттік шара емес, халыққа ұдайы түрде көрсетілетін мемлекеттік қызмет. Сенат депутаттары тарапынан бұл жұмыстар тиісті бақылауда болуы қажет. Үкіметке келетін болсақ, халықтың көкейінде жүрген аса маңызды әлеуметтік мәселелерге қашанда қырағылық танытып, уақытылы шешімдер қабылдап, нақты нәтижеге бағытталған жұмыстар атқару міндеті тұр", - деп түйіндеді Бекназаров.

Жаңалықтар
0