АСТАНА, 14 наурыз – Sputnік. Тұрмысы төмен отбасылардың кірісін тексеру кезінде жәрдемақының 4 түрі есептелмейді. Бұл туралы президент тапсырма берген.
Сәуірден бастап 832 мың көпбалалы және тұрмысы төмен азаматтарға берілетін жәрдемақы үшін биыл бюджеттен 94 миллиард теңге қарастырылған. Төлемді күнкөрісі қиын отбасылар алады, деп хабарлады "Астана" арнасы.
Вице-министр жұрт мемлекеттік жәрдемақыға иек артып, масылдыққа жол бермейді деп санайды. Дегенмен, олай болса, жұмысқа қабілетті азаматтың отбасы атаулы әлеуметтік көмек ала алмайды. Олар ұсынылған жұмыстан бірінші рет бас тартса, төлемнің 50 пайызынан, ал екінші рет жәрдемақыдан мүлде қағылады. Бірақ, әр балаға берілетін жәрдемақы төлене береді.
"Егер жалғызбасты ана 4 баланы өзі бағып отырса, балалары 20 789 теңгеден алады. Өзі балаға күтім жасап отыр ғой, ол анаға да 20 789 теңге төленеді. Жалғызбасты ана бір баламен отырса, екеуіне де 20 789 теңгеден төленеді", - дейді вице-министр.