Қоғам

Арқанкергендегі қырғын: Челах 30 миллион теңге өтемақы талап етті

© Sputnik / Владислав ВодневАдвокат Гүлмира Шалдықова
Адвокат Гүлмира Шалдықова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Владислав Челах өмір бойына соттау туралы үкімнің күшін жойып, өзіне өтемақы төлеуды сұрады. Оның адвокаты - астаналық Гүлмира Шалдықова

АСТАНА, 22 қаңтар — Sputnik. Жоғарғы соттың қылмыстық істер бойынша кассациялық алқасы Владислав Челахтың қылмыстық ісіне қатысты Қазақстанның әскери сот алқасы қабылдаған қаулысы мен қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әсери сотының үкіміне қатысты түсірілген өтінішхатын қарастырып жатыр.

Владислав Челахтың жоғарғы сотқа жазған өтінішхаты

Сот төрағасы — Абай Рахметулин, судьялар — Айдан Нұрбеков пен Лариса Шепелева.

27 жастағы Челахтың өтінішін оның адвокаты Гүлмира Шалдықова оқыды.

Владислав Челах - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Челах ісі: БҰҰ адам құқығының бұзылғанын мәлімдеді
2017 жылдың қараша айында БҰҰ комитеті Қазақстан Челахқа қатысты "Азаматтық және саяси құқықтар туралы" халықаралық пактінің 14-бабын бұзды деген шешім шығарды. Аталған пактіні Қазақстан ратификациялаған болатын. БҰҰ комитеті өз шешімінде бас прокуратураға Қазақстанның Владислав Челахқа тиімді құқық қорғау тәсілін ұсынуға міндетті екенін хабарлаған.

Бас прокуратураның ұсынысымен Челах сотқа жүгінді. Сотталған азамат өзінің үндеуінде жоғарғы соттан бірінші инстанция соты үкімінің күшін жойып, қылмыстық істі қосымша тергеуге бағыттауды және тергеу органдарын құқықты бұзу арқылы алған құжаттарды алып тастауға міндеттеуді өтінді. Себебі, ол соттың әділ өту мүмкіндігінен айырылған.

"Сондай-ақ, Владислав Челахқа құқықтардың бұзылғаны үшін 30 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуді сұраймын. Челах қол қойып сотқа жіберген өтінішхатты толықтай қолдаймын. Оны қанағаттандыруыңызды өтінемін", — деп оқыды Шалдықова.

© Sputnik / Владислав ВодневВладислав Челахтың ісіне қатысты өтіп жатқан сот отырысы
Владислав Челахтың ісіне қатысты өтіп жатқан сот отырысы - Sputnik Қазақстан
1/5
Владислав Челахтың ісіне қатысты өтіп жатқан сот отырысы
© Sputnik / Владислав ВодневВладислав Челахтың адвокаты Гүлмира Шалдықова
Владислав Челахтың адвокаты Гүлмира Шалдықова - Sputnik Қазақстан
2/5
Владислав Челахтың адвокаты Гүлмира Шалдықова
© Sputnik / Владислав ЧелахВладислав Челахтың ісін қарап жатқан судьялар мен прокурор
Владислав Челахтың ісін қарап жатқан судьялар мен прокурор - Sputnik Қазақстан
3/5
Владислав Челахтың ісін қарап жатқан судьялар мен прокурор
© Sputnik / Владислав ВодневМарат Нұрмұхамедов, Челахтың ісі бойынша прокурор
Марат Нұрмұхамедов, Челахтың ісі бойынша прокурор - Sputnik Қазақстан
4/5
Марат Нұрмұхамедов, Челахтың ісі бойынша прокурор
© Sputnik / Владислав ВодневАбай Рахметулин, Челах ісі бойынша сот төрағасы
Абай Рахметулин, Челах ісі бойынша сот төрағасы - Sputnik Қазақстан
5/5
Абай Рахметулин, Челах ісі бойынша сот төрағасы
1/5
Владислав Челахтың ісіне қатысты өтіп жатқан сот отырысы
2/5
Владислав Челахтың адвокаты Гүлмира Шалдықова
3/5
Владислав Челахтың ісін қарап жатқан судьялар мен прокурор
4/5
Марат Нұрмұхамедов, Челахтың ісі бойынша прокурор
5/5
Абай Рахметулин, Челах ісі бойынша сот төрағасы

Прокурордың Челах ісіне қатысты жасаған мәлімдемесі

Қорғаушыдан кейін прокурор Марат Нұрмұхамедов сөз сөйледі. Ол Челахтың пайымдауларын БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша комитетінің 2017 жылдың 7 қарашада заң бұзушылықтарға қатысты шығарған қорытындысына негіздеп отырғанын айтып өтті.

Тағы оқыңыз: 15 адамды өлтірген Челахтың ісі қайта қаралып жатыр

"Қылмыстық істің материалдарымен танысқаннан кейін заңды күшіне енген Челахқа қатысты сот актілері заңды әрі дәлелді деп есептеймін. Мұндай шешім 2012 жылдың 11 желтоқсанында қылмыстық іс жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сот шығарған үкімде детальді түрде келтірілген дәлелдерге негізделген. Бұл — Қазақстан мен Германия мамандары жүргізген сот-медициналық сараптаманың қорытындысы, заттай дәлелдер, оқиға болған жерді тексергеннен кейін жасалған хаттама. Челахтың жасаған қылмысы туралы анасы мен камераластарына айтқан кездегі заңды жазбалар", — деді прокурор.

Жоғарғы соттың кассациялық алқасы Челахтың ісі бойынша шешім шығарды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Жоғарғы сот Челахтың ісіне қатысты шешім шығарды
Сондай-ақ, Нұрмұхамедов жүргізілген психологиялық-криминалистикалық сараптаманың 2012 жылы 28 мамырда Арқанкергенде болған оқиғаға қатысты жауап бергенде қандай да бір қысымның болмағанын көрсетті.

Бірінші инстанция сотының заңдылығы, Челахтың кінәсін дәлелдейтін айғақтардың дұрыс және қолдануға болатындығы жоғарғы соттардың актілерімен мақұлданған.

"Заңнамаға сәйкес, БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша комитетінің қылмыстық іске қатысты шешімі заңды күшіне енген сот актілерінің өз күшін жоюына әсер ете алмайды. Осы айтылғандарды ескеріп Челах Владислав Валерьевичтің кассациялық шағымын қанағаттандырмаған жөн", — деп қорытты прокурор.

Сот үкім шығару үшін ақылдасу бөлмесіне барды.

Арқанкергенде болған қырғын

Тергеу нұсқасы бойынша, шекара бекеті жеке құрамының қатардағы сарбазы болған Владислав Челах өз қызметтестерін атып өлтіріп, қылмысын жасыру үшін казарманы өртеп, қорықшының көзін құртқан.

Тағы оқыңыз:

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сот Челахты 15 адамды өлтіріп, мемлекеттік құпияны жария етіп, таратқаны үшін, сондай-ақ қару ұрлап, әскери мүлікті жойып, әскерден қашқаны үшін айыпты деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Майға пісіп жатқан бәліш - Sputnik Қазақстан
Әлем
Әйелдерді өлтіріп, етінен бәліш жасап сатқан ер адам 71 жылға сотталды
Ең алғаш ұсталған кезде қарағандылық жігіт бірнеше адамды бір өзі жайратып салғанын мойындады. Бірақ кейін сотта барлығын жоққа шығарды. Ол оған қысым жасалғанын, кінәні мойындауға мәжбүр болғанын мәлімдеді.

2013 жылдың 21 маусымында Қазақстанның Әскери сотында Челахтың адвокаты Серік Сәрсеновтің кассациялық шағымы қаралды. Алайда айыптау үкімі өзгеріссіз қалды.

2016 жылы Сәрсенов БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комитетіне жүгінді. Кейінірек БҰҰ комитетіндегілер Челахтың ісін қарау кезінде халықаралық азаматтық және саяси құқықтар пактісі бұзылды деген шешім шығарды.

2018 жылдың 23 наурызында адвокат Серік Сәрсенов ұзаққа созылған дерттен көз жұмды.

Жаңалықтар
0