АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. Бразилиялық каннибал Хорхе Бельтрао Негромонте да Сильвейра Суини Тодд туралы қорқынышты аңызға жан бітірді. Әйелі және көңілдесімен бірге үйге қыз-келіншектерді алдап шақырып, кейін оларды өлтіріп, етінен бәліш жасап сатқан, деп хабарлайды Daily Mail.
Тергеу барысында Хорхе да Сильвейра мен оның әйелдерінің бейтаныс қыз-келіншектерді үйге бала күтушісі керек деп шақырғаны белгілі болды. Кейін профессор жұмыс іздеп келгендерді балғамен өлтіріп, әйелдері денені бөлшектеп, сүйекті үйдің артына апарып көмген.
Кісі өлтірушілер еттің тең жартысын өздері жеп, қалғанына жергілікті тұрғындарға бәліш әзірлеп сататын болған.
Осындай жолмен 20-31 жас аралығындағы үш әйелді өлтіреді. Олар, тіпті, марқұмдардың етімен 1,5 жастағы қызды да тамақтандырған. Ұсталғаннан кейін ер адам бұл әйелдерді "ұрлықшылар мен жаман азаматтардың әйелдері болғандықтан өлтірдім" деп ақталған.
Хорхе да Сильвейраның өзі мен көңілдесі 71, ал әйелі 68 жылға сотталды.