Қоғам

Челах ісі: БҰҰ адам құқығының бұзылғанын мәлімдеді

© Sputnik / Талгат ГалимовВладислав Челах
Владислав Челах - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Владислав Челахтың адвокаты БҰҰ адам құқығы жөніндегі комитеттен екі хабарлама алған

АСТАНА, 29 қараша — Sputnik. Өмір бойына сотталған Владислав Челахтың адвокаты БҰҰ адам құқығы жөніндегі комитетіне түсірген шағымынан оң нәтиже шығатынына сенімді.

Сотталушы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Көкшетауда судьяны өлтірген қаныпезер өмір бойына сотталды

Серік Сәрсенов Sputnik Қазақстан агенттігіне айтқандай, БҰҰ-нан ағылшын тілінде екі хабарлама алған.

"Менің шағымым бойынша шығарылған шешім келген жоқ. Ол орыс тіліне аударылып, жақын арада жіберіледі. Әзірше шағымның 7 қарашада қаралып, менің пайдама шешім шығарылғаны туралы екі хабарлама келді. БҰҰ бекіткендей, Қазақстан Азаматтық саяси құқық туралы халықаралық келісімнің 14-бабын бұзған. Сол себепті Челах әділ сот талқылауы құқығынан айырылды", — деді адвокат Серік Сәрсенов. 

2012 жылы 11 желтоқсанда Владислав Челах "Арқанкерген" бекетінде 14 шекарашы мен жергілікті орманшыны өлтіргені үшін айыпты деп танылған. Қазіргі уақытта Челах өмір бойына сотталып, Жітіқара қаласы УК 161/3 түрмесінде отыр.

"БҰҰ комитетінің шешімі маған ғана емес, түрмеде отырған Челахқа, Қазақстан Республикасына жөнелтіледі. Ал Қазақстан Республикасында істі кім қарайтынын білмеймін: не Жоғары сот, не Бас прокуратура. Олар қандай шешім қабылдар екен? Ешқандай шешім қабылдамас. Шыны керек, бұл істі қараған судьялар мен істі тергеген прокурорлардың соңынан қуу керек", — дейді Сәрсенов.  

Адвокаттың пікірінше, Челах ісі қайтадан сотқа жіберілуі тиіс. Алайда БҰҰ шешімі шыққаннан кейінгі адвокаттың немесе сотталған азаматтың әрекеті ешқандай заңда көрсетілмеген. Яғни, ұйымның шешімі ұсынысы түрінде болмақ.

Жаңалықтар
0