Өңірлер

Әділет министрлігі "өліп-тірілген" қазақстандыққа қатысты түсініктеме берді

© Photo : StockSnapҚол
Қол - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әділет министрлігі ДНҚ сараптамасынан кейін өлі деп танылған қазақстандыққа қатысты мәлімет берді

АСТАНА, 6 қараша — Sputnik. Әділет министрлігі Атырау облысының "өліп-тірілген" тұрғынына қатысты жайтты арнайы комиссия қолға алатынын айтты.

Ер адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
"Жүрегі ұстай жаздады". Екі ай бұрын жерленген Атырау тұрғыны үйіне оралды

Ведомство хабарлағандай, туыстары жерлегеннен кейін екі айдан соң үйіне оралған азаматтың ісі бойынша арнайы комиссия құрылған.

Сонымен бірге, Атырау прокуратурасы материалды Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 183-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне енгізген.

Әділет министрлігі берген мәлімет бойынша, 4 қарашада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің қызметкерлері сот-медициналық сарапшының қатысуымен мәйітті қазып алды. 

"Бұдан бұрын генетикалық зерттеу жүргізу үшін азаматтың жақын туыстарының сілекей және қан сынамалары пайдаланылған еді, туыстық ықтималдығы 99,92% болып шыққан. Атап өтсек, сарапшы есепті қайта жүргізбеген, қорытынды болжам түрінде шығарылған", — деді ведомство.

Сәби оянайын деп жатыр - Sputnik Қазақстан
Әлем
Дәрігерлер өлді деген сәби мәйітханада "тірілді"

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын іргесіндегі Томарлы ауылында екі ай бұрын туыстары жерлеген ер адам үйіне оралғаны туралы хабар тараған болатын.

Биыл 20 маусымы күні 63 жастағы Айғали Сопығалиев үйден шығып кетіп, қайтып оралмапты. Ол бұрын да екі аптаға үйден кетіп қалғандықтан, туыстары полицияға тек 9 шілде күні хабар берген. 

Біраз уақыттан кейін туыстарын мәйітті тануға шақырады. Аптап ыстықтан мәйіт бұзылып кеткендіктен оның кім екенін ешкім тани алмаған, ақыры ДНҚ сараптамасы жасалып, оның нәтижесі ол 99,92 процентке Айғали екенін көрсеткен.

Жаңалықтар
0