Өңірлер

"Жүрегі ұстай жаздады". Екі ай бұрын жерленген Атырау тұрғыны үйіне оралды

CC0 / / Ер адам, архивтегі фото
Ер адам, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Марқұмның" туыстары қабір үстіндегі құлпытасқа тапсырыс беріп үлгерген

АСТАНА, 3 қараша — Sputnik. Атыраудың іргесіндегі Томарлы ауылында екі ай бұрын туыстары жерлеген ер адам үйіне оралды, деп жазды "Ақ Жайық". 

Басылымның мәліметінше, естіген жұртты есеңгіретіп тастаған оқиға 28 қазан күні болған. Бұл жайында ауыл тұрғыны Есенғали Сопығалиев айтып берді. 

Сәби - Sputnik Қазақстан
Әлем
Сегіз сағат жер астында жатқан нәресте тіріліп кетті - видео

Осы жылдың 20 маусымы күні оның 63 жастағы ағасы Айғали Сопығалиев үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған. Ол бұрын да екі аптаға үйден кетіп қалғандықтан, туыстары полицияға тек 9 шілде күні хабар берген. 

Айғалидың өз отбасы жоқ. Біраз уақыттан кейін полиция туыстарын мәйітті тануға шақырады. Аптап ыстықтан мәйіт бұзылып кеткендіктен оның кім екенін ешкім тани алмаған, ақыры ДНҚ сараптамасы жасалып, оның нәтижесі ол 99,92 процентке Айғали екенін көрсеткен. 

"Сараптама ол менің бауырым екенін растады. Сүйегін үйге әкеліп, 4 қыркүйек күні Жұлдыз шағын ауданындағы мұсылман зиратына жерледік. Ас беріп, құран оқыттық, қайтыс болғаны туралы куәлік алдық. Бізді туыстарымыз "көңіл шайға" шақырып, көңіл айтты. Айғали үйге аман-есен келген кезде, менің қызым Сәуленің жүрек талмасы ұстай жаздады", — дейді Есенғали Сопығалиев. 

Отбасы қабір үстіндегі құлпытасқа тапсырыс беріп, алдағы демалыс күндері зиратқа орнатуды жоспарлап та қойған екен. Олар тіпті Айғали іздеуде болған уақытта аударылған зейнетақыны мемлекетке қайтарып үлгерген.  

"Біз сараптамаға сеніп, барлық жерлеу салтын орындадық, қаншама ақша шығындадық. Алайда мәселе ақшада да емес. Біз кімді жерледік? Мүмкін, ол адамды да туыстары іздеп жатқан шығар?", — дейді ер адам. 

Зембіл, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
"Қызымның жан дауысы шықты". Түркістанда болған оқиға жұрттың үрейін ұшырды

Айғали отбасына оралғаннан кейін туыстарына үйден шығып кеткен күні "Дина" базарында бір адаммен танысып қалғанын айтқан, ол Атырау облысының жақын аудандарының бірінде шаруа қожалықта уақытша жұмыс ұсыныпты. Айғали төрт ай еңбек етіп, Атыраудағы үйіне жаяу келген.

Облыстық полиция және әділет департаменттері әзірге аталған жағдайға түсініктеме беруден бас тартып отыр. 

Енді Айғали Сопығалиевтің отбасы полиция мен Сот сараптасы институтына қарсы талап арыз дайындап жатыр.   


Жаңалықтар
0