Әлем

Сегіз сағат жер астында жатқан нәресте тіріліп кетті - видео

© Photo : bingngu93Сәби
Сәби - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бойжеткен үйде босанып, сәбиі шетінеп кетті деп ойлаған

АСТАНА, 9 маусым — Sputnik. Бразилияда жаңа туған нәрестені өлді деп көміп тастаған, алайда сәби тірі болып шықты.

Канарана елді мекенінің он бес жасар тұрғыны жуынатын бөлмеде босанған. Дүниеге келген кезде нәрсете жерге құлап кетіп, ес-түссіз жатты, дейді қыздың анасы мен әжесі. Сол кезде олар жаңа туған сәбиді баққа көміп тастамақ болады. Алайда мұны көріп қалған көршісі полицияға хабар берген, деп жазады The Sun

Құқық қорғаушылар сәбиді көмгеннен кейін сегіз сағат өткен соң, түн ішінде барады. Олар жерді қазып, нәрсетені шығарып алғанда, жаңа туған қыз бала тіріліп кеткен.

Баланы шұғыл арада ауруханаға жеткізіп, дәрігерлер бас сүйегіне зақым келгенін айтты. Қазір нәрестенің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Жаңалықтар
0