АСТАНА, 27 қыркүйек — Sputnik. Дәрігерлер өлді деп денесін мәйітханаға жіберген сәби қайта "тірілді", деп хабарлайды РИА Новости басылымы.
Жағдай Урмия қаласында болған. Жергілікті БАҚ мәліметінше, аурухана дәрігерлері алты айлық сәбиді тексеріп шығып, тірі екенінің ешқандай белгілері байқалмаған соң оны өлдіге санаған. Кейін денесін мәйітханаға жіберген. Алайда соңғы сапарға шығарып саларда сәбидің шын мәнінде тірі екені белгілі болды.
Қаланың жерлеу қызметі басшысы Аббас Абединидің айтуынша, сәбидің отбасы болған жағдайға қатты таңғалған.
Әйел сәбиін қуыршақпен шатастырып өлтіріп алды
"Олар есеңгіреп, таңғажайып үшін алғыс айтып жатты", — деп қосты ол.