Әлем

Қазақстан тумасы Германияда үй қызметшісі болып, жантүршігерлік қылмыс ұйымдастырған

© Sputnik / Anar MustafayevҰсталды
Ұсталды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйел адам мен оның күйеуінің бірқатар тонаушылыққа қатысы тексеріліп жатыр

АСТАНА, 15 қазан — Sputnik. Ульм қаласының аудандық соты Германияның 59 жастағы азаматын өлтіріп, оның анасын азаптау туралы істі қарауды бастады.

Сотталушылар – 46 жастағы Қазақстан тумасы Наталья Н. мен оның жұбайы — Грузия азаматы. Тағы екі сыбайласы елден қашып кетіпті. Тергеу мәліметі бойынша, бірі Израильде жасырынып жүр, деп хабарлайды Schwaebische.de порталы.

Шекара, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Өзбекстанда қамауға алынған қазақстандық 8 жылға сотталуы мүмкін

Қарақшылық шабуыл

Қайғылы оқиға 2018 жылдың қаңтар айында болған. Күдіктілер құрбанының соңынан аңдып, гараж арқылы үйге басып кіруге болатынын біліпті.

Тергеу барысында анықталғандай, тонаушылықты Қазақстан тумасы ұйымдастырыпты. Ол өлтірілген азаматты үйінде қызметші болып істеген.

Күйеуі мен сыбайластары үйге басып кіргенде, ол көлікте болған. Қылмыскерлер екінші қабаттағы терезені шағады, айғай-шудан үй иесі ояныпты.

Жантүршігерлік қылмыс

Күдіктілер үй иесін байлап, шеге суырғышпен мұрнын сындырады. Содан соң ер адамды бірінші қабатқа түсіріп, аузына галстук тығып, бетін скотчпен орап, орындыққа байлап тастайды. "Бет-аузын тұмшалап, орап тастағандықтан, ер адам демала алмай, тұншыққан", — делінген айыптау қорытындысында.

Прокурор Штауденмайердің айтуынша, "олар қасақана қылмыс жасаған және өз ісіне еш өкінбейді".

Қыз бала - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Анасының ұрғанын мектепке айтып барған: Германияда қазақстандық әйел қызынан айырылды

Германия азаматының 91 жастағы анасы қарақшылық кезінде үйде болып, аман қалған: күдіктілер оны шынжырмен қылқындырмақ болады, алайда уақытты құр жібермес үшін орындыққа байлап тастаған, ал бағалы заттар мен 10 мың еуро ақшаны алған соң, асығыс кетіп қалыпты.

Қарт әйел шынжырды шешіп, ұлын босатып, жедел жәрдем шақырады. Ер адам ол кезде әлі тірі болатын, бірнеше сағат өткен соң ауруханада жан тапсырды.

Баукеспе ұрылар

Наталья мен оның күйеуі Гиоргидің күнкөрісі 2017 жылдың жазынан бері қиындап кетті. Әйел Қазақстанда туып-өскен, кейінірек Германияға көшіп, азаматтық алады. Жұбайы – Грузия азаматы, жұмыссыз әрі бұрын сотталған.

27 желтоқсанда қарақшылар тобы тағы бір пәтерді тонайды, ол үйден зергерлік бұйымдар мен ақша және жалпы сомасы 70 мың еуро жинақ кітапшаларын алып кетеді.

Архивное фото наручников - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бостондағы теракт: қазақстандық студент АҚШ түрмесінен босап шықты

5 қаңтарда Циметсхаузен (Бавария) ауданындағы шіркеуге түсіп, 10 мың еуро ақша және тағы басқа бағалы заттарды тонап кеткен. 

Наталья 10 қаңтарда қолға түссе, бес күннен соң күйеуі ұсталады. Саусақ іздері Гиоргидің қылмыс кезінде қаза тапқан ер адамның үйінде болғанын дәлелдеді.

Натальяның қорғаушылары оның кінәсіздігін дәлелдеп әлек. 12 қазанда адвокат Даниэль Справке мәлімдегендей, "әйел адамның қылмысқа қатысы анықталған жоқ, айыптаулар да негізсіз болып табылады".

Төртінші күдіктінің қайда екені белгісіз, үшінші күдікті Израильде, оны экстрадициялау мәселесі қаралуы қажет.

Жаңалықтар
0