Қоғам

Өзбекстанда қамауға алынған қазақстандық 8 жылға сотталуы мүмкін

© Photo : пресс-служба правительства КРШекара, архивтегі фото
Шекара, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Нұрлан Құлтаев сусын мен шоколад артқан екі Өзбекстан азаматына жалданып, көрші елге өтпек болған

АСТАНА, 12 қазан — Sputnik. Өзбекстан шекарасында ұсталған Нұрлан Құлтаев сегіз жылға сотталуы мүмкін. Оған контрабанда тасымалдады және салық төлеуден жалтарды деген айып тағылуда, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.     

Тергеудің басқа да мән-жайын өзбек тарапы жарияламай отыр. Көрші елге Бауыржан Қонысбаев бекеті арқылы өткен Құлтаев абақтыға 21 қыркүйекте жабылған.

Ірі шенеуніктерді ұстау - Sputnik Қазақстан
Видео
Ірі шенеуніктердің ұсталған сәтінің видеосы жарияланды

"Өзбекстан тарапының мәліметіне сәйкес, оған салық және басқа да өзге де төлемдерден бас тартты деген айып тағылуда.  Оның екі адвокаты бар. Екі адвокатын туыстары жалдаған. Аудармашы берілмеген. Себебі біздің азамат өзбек тілін жетік меңгерген.  Қазіргі таңда біздің консул Қазақстан азаматымен кездесуге әрекеттер жасап жатыр. Өзбекстан сыртқы істер министрлігіне тиісті нота жіберілді. Соған жауап күтіп отырмыз", — деп түсіндірді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

 КТК арнасының хабарлауынша, Нұрлан Құлтаев сусын мен шоколад артқан екі Өзбекстан азаматына жалданып, 14 қыркүйек күні осы бекет арқылы Өзбекстанға өтпек болады. Біздің кеденшілер 33 тона жүгі бар көлікті оп-оңай жүксіз деп құжат толтырып, шекара асыра салыпты. Бірақ, Өзбекстанға кірмей жатып ала шапанды кеденшілер ұстап, екі өзбекті бірден қамауға алса, бір аптадан кейін Құлтаевты да жапқан.  

Өзбек кеденшілерінің мәліметінше, Нұрлан Құлтаев  ұстала сала Түркістан облыстық кірістер департаменті мен кеденшілеріне хабарлама жіберіпті. Бірақ, ондаған тонна тауары бар көлікті жүксіз деп өткізіп жіберіп масқара болған кеденшілер бұл хабарламаны ешкімге айтпаған. 

Кеденшілердің былығынан кейін бекет басшысы өз қызметінен кетіп, осы жәйт бойынша "салғырттық" бабымен қылмыстық іс қозғалған.    


Жаңалықтар
0