Қоғам

Бостондағы теракт: қазақстандық студент АҚШ түрмесінен босап шықты

© AFP 2024 / Noel Celis Архивное фото наручников
Архивное фото наручников - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір Диас Қадырбаев Қазақстанға экстрадициялау үшін қамауға алынған

АСТАНА, 30 тамыз — Sputnik. 2013 жылы Бостондағы марафон кезінде болған терак туралы іс бойынша сотталған қазақстандық Диас Қадырбаев жазасын өтеп, түрмесінен босатылды, деп хабарлады Fox News.

Қазақстандық студенттер Азамат Тәжияқов пен Дияс Қадырбаев - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Бостондық теракт жөніндегі фильмде Қадырбаев пен Тәжаяқовтың оқиғасы көрсетілді

Иммиграциялық кеден қызметінің өкілі растағандай, Қадырбаев Қазақстанға экстрадициялану үшін қамауда отыр.

Бостондағы теракт туралы

2013 жылдың 15 сәуірінде халықаралық марафон кезінде екі рет теракт ұйымдастырылды. Жарылыс салдарынан марафонның үш қатысушысы қаза тауып, тағы екі жүздей адам зардап шеккен.

Теракт ұйымдастырғаны үшін ағайынды Тамерлан мен Джохар Царнаевтар айыпты деп танылды. Біріншісі полициямен атыс кезінде жарақат алып, қаза тапса, Джохар Царнаев қолға түсті.

2015 жылдың мамырында алқабилер соты лаңкесті өлім жазасына кескен еді. Ал тамыз айында Царнаевтың адовкаттары бұл шешімге шағым түсірді. Қазір ол Колорадо штатындағы Флоренсте қатаң тәртіпті түрмеде отыр.

Қазақстандықтар не үшін сотталды?

Қазақстандық студенттер Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаев - Sputnik Қазақстан
Оқиға
АҚШ-та сотталған Диас Қадырбаев Қазақстанға экстрадицияланбайтын болды

Царнаевтардың қылмысы бойынша қазақстандық студенттер Диас Қадырбаев пен Азамат Тажаяқов істі болды. Олар 2015 жылдың маусым айында тергеуге кедергі келтіргендерін мойындап, 3,5 және 6 жылға сотталды.

Тергеу барысында анықталғандай, қазақстандықтар ағайынды лаңкестерді біліпті. Теледидардан суреттерін көрген соң, студенттер қорқып, террористердің бірінің жеке затының көзін жоймақ болады – Джохар Царнаевтың пиротехника және ноутбук салынған жолдорбасы.

Студенттердің бұл әрекеті қылмысты тергеуді қиындатқан.

Жаңалықтар
0