Қоғам

Байқоңырдағы апат: Ресей Қазақстанның көмегінен бас тартты

© Sputnik / Сергей Мамонтов / Медиабанкке өтуБайқоңыр
Байқоңыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғарышкерлер отырған капсула кемеден бөлініп, олар іздестіру шаралары арқылы табылды. Ал кеменің қалған бөліктері әзірге іздестіріліп жатыр

АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. "Союз" кемесін ұшыру кезінде болған апаттан кейін Ресей тарапы Қазақстанның көмегінен бас тартты. Бұл туралы ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер мәлімдеді, деп хабарлайды тілшісі.

Ғарыш кемесінің экипажды жерге түсіретін аппараты, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Байқоңырдағы апат: құтқарушылар жерге қонған капсуладан ғарышкерлерді шығарып алды
Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағында апатты жағдай болып, ғарышкерлер өздері отырған капсуланы кемеден бөліп алуға мәжбүр болды. Жағдайдың қалай болғанын толығырақ ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы айтып берді.

"Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресей Федерациясы мен АҚШ басқарып отырған кеме ұшырылуы тиіс болатын. Кемедегінің біреуі NASA ғарышкері еді. Кеме шамамен 14:50-де ұшырылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 12 секундта зымыранның бір бөлігі ажыратылғаннан кейін штабтан тыс жағдай болды. Нәтижесінде экипаж ғарышкерлері өздері отырған капсуланы кемеден бөліп алу шешімін қабылдаған", — деді комитет төрағасы.

Әрі қарай Владимир Беккер капсуламен жерге түскен ғарышкерлердің жағдайы туралы айтты. Сондай-ақ, дәл қазір кеме бөліктерін іздестіру шаралары жүргізіліп жатқаны белгілі болды.

"Ғарышкерлер отырған капсула Жезқазған қаласынан 25 километр қашықтықта түскен. Адамдар тірі және жағдайлары дұрыс. Олар іздестіру жұмыстарының арқасында табылып, Байқоңыр ғарыш айлағына жеткізілді. Ал зымыранның өзге бөліктері қайда құлағаны әзірге белгісіз. Бұған қатысты жергілікті атқарушы органдардан және азаматтардан қандай да бір ақпарат келіп түспеді. Ресей тарапының қолында да осы ақпарат қана бар. Яғни ғарыш кемесінің қалған бөліктерінің тағдыры не болғаны белгісіз", — деді ол.

Старт ракеты-носителя Союз-ФГ с пилотируемым кораблем Союз МС-10 - Sputnik Қазақстан
Байқоңырда "Союз" зымыранын ұшыру кезінде апат болды
Сондай-ақ, кеменің қалған бөліктері табылған жағдайда міндетті түрде бұл туралы ақпарат тарататынын айтып өтті. Ұшырылған зымыранда отын ретінде керосин мен оттегі қолданылғанын айтып алдын ала ескертті. ТЖК төрағасы Владимир Беккердің айтуынша, ведомство бөлімшелері кеменің ұшуына бір тәулік қалғанда жоғары деңгейде жұмысқа кіріскен.

"Ресей тарапы кеменің ұшырылуына қатысты кестелерін береді. Кеменің ұшуына 24 сағат қалғанда ұшу трассасында жоғары дайындыққа кірісеміз. Қажет болған жағдайда Қазақстан тарапы Ресей Федерациясына көмектесуге дайын болды. Біз осы мәселені көтердік, алайда Ресей тарапы бұл көмектен бас тартып отыр", — деп мәлімдеді ол.

11 қазанда сағат 14:50-де "Союз" зымыранын ұшыру кезінде апат болды. Ғарышкерлер отырған капсула кемеден бөлініп, олар іздестіру шаралары арқылы табылды. Ал кеменің қалған бөліктерінің дәл қазір қайда екеніне қатысты ақпарат жоқ.

Жаңалықтар
0