АСТАНА, 11 қазан — Sputnik. Байқоңырда "Союза" зымыраны апатқа ұшырағаннан кейін жерге қонған экипажды құтқарушылар тапты.
Экипаж мүшелері — ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг аман, жарақат алмаған.
"Біз іздестіру-құтқару командасынан хабар алдық, олар экипаж қонған жерге жетті. "Союз" командасы капсуладан шығарылды", — деп хабарлады трансляция кезінде NASA өкілі.
"Дәрігерлер Алексей Овчининнен де, Ник Хейгтан да жарақат тапқан жоқ", — деп хабарлады Риа Новостиге Байқоңырдағы дереккөз.
Оның айтуынша, ғарышкерлер отырған капсуланы апатқа ұшыраған зымыраннан автоматтық режимде апаттық құтқару жүйесі ажыратып жіберген.
Экипаж мүшелері Байқоңырдағы қалалық госпитальға жеткізіледі.