АЛМАТЫ, 11 қазан — Sputnik. Байқоңырда "Союз" зымыранын ұшыру кезінде апат болды. Бұл туралы тікелей трансляция кезінде диктор хабарлады.
"Зымыран-тасығыш апатқа ұшырады", — деп хабарлады диктор.
Алдын ала мәліметтер бойынша, екінші деңгейдегі қозғалтқыштар істен шыққан. Экипаж мүшелері — ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг аман.
НАСА-ның Twitter-дегі ресми ақапартына сәйкес, экипаж апаттық түсу көмегімен жерге қайтып келеді. Іздестіру-құтқару командасы ғарыш кемесі мен экипаждың қонатын жеріне бара жатыр.
Соңғы мәліметтер бойынша экипаж байланысқа шықты.
"Союз МС-10" экипажы Халықаралық ғарыш станциясына бара жатқан, олар орбитада 187 тәулік болуы тиіс еді.