ОРАЛ, 13 қыркүйек — Sputnik. Батыс Қазақстан облысында қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта 2018 жылдың мамырында бұрынғы әйелінің ата-анасын атып өлтірген Рустам Давлетшин 19 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сот процесі 1 тамызда басталып, Давлетшиннің өтініші бойынша алқабилердің қатысуымен өтті. Айыпталушы ата-енесін өлтіруге себебі болғанын дәлелдеп, үкімді жеңілдетуге үміттенген болатын, деп жазады Sputnik "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Сот тыңдауы кездерінде ол бұрынғы ата-енесінің тарапынан талай қорлық көргенін және қылмыс жасауды жоспарламағанын бірнеше рет айтты.
Бұрынғы күйеу баласы оқ атқан ер адам ауруханада көз жұмды
Алайда сот тергеуі оқиғаның нақты деректерін анықтады. Белгілі болғандай, Давлетшин 2017 жылы шолақ мылтық сатып алыпты, ал оқ-дәріні қылмыс жасарды алдында ғана алған.
Алақбилер үкімі мен қаулы шыққанға дейін екі жақтың пікірсайысы кезінде мемлекеттік айыптаушы Давлетшинді 20 жылға соттауды сұрады. Кеңесу бөлмесінде 12 алқабидің 8-і прокурормен келісіп, қылмыскерді 15 жылдан астам уақытқа бас бостандығынан айыруды жақтайды.
Үкім 12 қыркүйекте оқылды. Давлетшин екі адамды өлтіріп, заңсыз қару сақтағаны үшін айыпты деп танылды. Сот оны 19 жылға бас бостандығынан айыруға шешім қабылдапты. Бұдан бөлек, жәбірленуші тарапқа 6 миллион теңгедей моральдық және материалдық шығын өтеуі тиіс.
Ерлі-зайыпты Ғалия және Раниль Әбдірахмановтарды 2018 жылдың 10 мамырында кешкі уақытта атып кеткен.
Тергеу барысында, күдіктінің бұрынғы әйелі оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оның сөзіне сүйенсек, ұлы және ата-анасымен бірге үйде болғанда, Давлетшин келіп, есік ашқан бұрынғы енесін атып тастайды. Жас әйел баласымен басқа бөлмеге тығылып қалған. Ал қанішер қайын атасына да оқ атады. Қатты айғай-шудан қашып кеткен ол көп ұзамай қолға түсті.
Әйел адам оқиға орнында жан тапсырса, ер адам бірнеше күннен соң ауруханада көз жұмды.