АЛМАТЫ, 7 қыркүйек — Sputnik. Жас полиция қызметкерінің өз командирін атып тастауына әдеттегі тұрмыстық жанжал себеп болған.
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық полиция бөлімінің аумағында төтенше жағдай болды. Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы батальонының жас қызметкері өз командирін атып өлтірді.
Оқиғаның себептері тергеу барысында анықталады. Дегенмен қазірдің өзінде қызметтестер арасында бас араздығы болғаны анықталып отыр, соның салдарынан жанжал шыққан.
"Ақжайық ауданында командирді өлтіру дерегі бойынша өзіндік қауіпсіздік департаменті мен ІІМ әкімшілік полициясы комитетінің қызметкерлерінен жасақталған арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр", — деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Сәдубаев.
Күдікті командирін өлтіргенін мойындады, алайда ол осындай қадамға баруға марқұмның өзі мәжбүрледі деп отыр.
Жас жігіт командирі мазақ қылып, арандатқанын айтады.