Оқиға

Батыс Қазақстанда полицей өз бастығын атып өлтірді

© AP Photo / Rogelio V. Solisқару
қару - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция сержанты взвод командиріне табельдік қарудан оқ атты

АСТАНА, 6 қыркүйек — Sputnik. Батыс Қазақстан облысында құқық қорғау органдарының қызметкері аудандық ішкі істер бөлімінің ауласында өз басшысына оқ аттты. 

Қарудың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкенттен ауылға қонаққа барған 8 жасар бала әпкесін атып өлтірді

Қылмыс бейсенбіде шамамен сағат 16.30-да Ақжайық ауданының Чапаев селосында аудандық ішкі істер бөлімінде болды, деп жазады "Мой город"

"Қызметкер өз бастығын – взвод командирін атып өлтірді. Күдікті ұсталды", — деп хабарлады Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламанов. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қоңырау сағат 16.32-де түскен, ер адам дәрігерлер жеткенше көз жұмды. 

Қаза болған командирдің жасы 32-де, күдікті 24 жаста. 

"Ақжайық ауданы екінші батальонының полиция сержанты взвод командиріне табельдік қарудан оқ атты", — деп хабарлады өңірлік ішкі істер департаментінен. 

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің "Адам өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Жаңалықтар
0