АСТАНА, 3 қыркүйек — Sputnik. Жайсыз оқиға Американың Сан-Бернардино қаласында орналасқан тұрғын үй кешенінде болды. Бұл туралы CNN басылымы жазды.
Оқыс жағдай 3 қыркүйек күні таңертеңгі мезгілде болды. Жергілікті полицияның мәліметінше, 10 адамға оқ тиіп, олардың үшеуі ауыр халде жатыр. Зиян шеккендердің бәрі — ересек адамдар. Оларды жақын маңдағы ауруханаларға алып кетті. CBSNews адамдар тобының сол жерде ойын ойнап отырғанын жеткізді.
Оқ жаудырған күдіктіге қатысты еш мәлімет жоқ. Сондай-ақ, оның неліктен мұндай қадамға барғаны да белгісіз.
Кімнің оқ жаудырғаны хабарланбады, әзірге күдікті ұсталмаған. Press-Telegram басылымы оқиға болған жерден қарудың табылмағанын жазды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қылмыскер тапанша мен винтовканы қатар пайдаланған.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар шамамен 20 рет оқ атылғанын естиді. Кейін араға бес минут салып оқиға болған жерге полиция қызметкерлері келеді. Дәл қазір кешен қоршауға алынды.
Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың 14 ақпанында 19 жастағы Николас Крузоткрыл бұрынғы мектебіне барып, оқушыларға оқ жаудырған еді. Осының салдарынан 17 адам өлді, тағы он жеті адам ауруханаға түсті. Тергеу барысында оған осылай жасауға басындағы дауыс кеңес бергенін айтқан.