Қоғам

Атышулы Абай ауылында зорланған баланың ісі: кімдер жазаланғаны белгілі болды

Жазылу
Yandex newsTelegram
№74 орта мектебінің директоры жұмысынан шеттетілген

АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Атышулы Абай ауылында зорланған баланың оқиғасынан кейін Түркістан облысының мектептерінде тексеріс жүргізіліп, бірқатар тұлғалар жауапқа тартылды. Бұл туралы бүгін ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында білім және ғылым министрлігінің өкілі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Белгілі болғандай, №74 орта мектебінің директоры Б.Селтанова жұмысынан шығарылмаған, тек шеттетілген.

Бала - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Абай ауылында зорланған баланың отбасы халықтың көмегіне зәру

"Аталған ақпаратты Түркістан облысы әкімдігі қызметінің нәтижесі бойынша алдық. Аталған мәселеде соңғы нүкте қойылған жоқ", — деп сендірді  балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Нұрбек Оршубеков. 

Сондай-ақ, оның айтуынша,  қазіргі таңда Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары К.Қыстаубаев, Абай полиция бөлімінің басшысы Ибрагимов, Сарығаш ауданы жергілікті полиция қызметінің басшысы Оразгелдиев, №73 мектеп директоры У.Қожагелдиева, №74 мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды.

Абай ауылы тұрғыны жасөспірім кезінде зорланғанын айтты

Сарыағаш ауданы білім бөлімінің басшысы Б.Мейрихов және №74 орта мектебінің директоры Б.Селтанова қызметінен шеттетілді.

Ер адам - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте зорланған баланың әкесі қайтыс болды

Сондай-ақ, ювеналды полиция инспекторы Жұмабаев пен анықтаушы Рахматиллаға қатысты ҚР ҚК 433-бабы 3-тармағы бойынша (қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сарыағашта зорланған 7 жасар баланың ісіне қатысты тың дерек шықты

Бұған қоса, Сарыағаш ауданының әкімі мен мектеп директорларының орынбасарларына, педагог-психологтарға "қатаң сөгіс" жарияланды.

Еске сала кетсек, осы жылдың наурызында отандық БАҚ бетінде Абай ауылында 7 жасар баланы жоғары сынып оқушылары бірнеше рет зорлаған деген ақпарат тараған еді. Жәбір көрдім деген бала бұл туралы туыстарына былтыр тамыз айында айтқан екен. Содан бері полицейлерге неше мәрте барғанымен тәртіп сақшылары шағымды тек қаңтар айында қабылдапты. Тексеріс барысында баланың зорланғаны расталды. 

Тергеу барысында жоғары сыныпта оқитын төрт күдікті анықталды. Алайда қылмысты жасау кезінде жасы 14-ке толмағандықтан, үшеуі қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Іс сотқа жолданды.

Жаңалықтар
0