Қоғам

Абай ауылында зорланған баланың отбасы халықтың көмегіне зәру

© AFP 2024 / CatherineRБала
Бала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жуырда жәбірленген баланың анасы мен тәтесі Алматыға көшкелі отыр

АСТАНА, 24 тамыз — Sputnik. Түркістан облысы Абай ауылында зорланған баланың отбасы Алматыға көшкелі отыр. Алайда ең әуелі баспана мәселесін шешу керек, деп хабарлады Аружан Сайын Facebook парақшасында.

Қоғам белсендісі Аружан Сайын жазғандай, бала басынан өткен қорқынышты жайттарды тезірек ұмытуы үшін басқа өңірге қоныс аударғаны жөн. Сол үшін жеті жасар жеткіншектің анасы мен тәтесі Абай ауылындағы төрт бөлмелі үйлерін 5 миллион теңгеге сатпақшы.

"Бұл пәтерге баланың анасы мен оның әпкесі сегіз жыл бойы ақша жинап, сатып алған", — дейді Аружан Сайын.

Пәтерді сатудан түскен ақшаны әйелдер Алматыдан баспана алу үшін ипотека ресімдеуге жұмсамақ.

Бала - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Абайда зорланған 7 жасар баланың ісіне қатысты жаңа дерек шықты

Үйді сату туралы хабарландыруды жан-жаққа жарияласа да, әлі сатылмай жатқан көрінеді, қоғам белсенділері отбасыға көмектесуге шақырады.

постында атап өткендей, бұл жерде баспанаға қаражат жинау туралы сөз болып отырған жоқ. Материалдық емес, таза практикалық жәрдем керек. 

Ол шұғыл көшуге мәжбүр болып отырған тағы бір отбасы туралы айтты.

"Сол ауданда жоғары сынып оқушыларынан жәбір көрген тағы бір баланың отбасы бар. Оларға үлкен қысым жасалып отыр, баланың өміріне қауіп төніп тұрғандықтан, тезірек көшу керек. Бұл тез арада шешілуі тиіс тағы бір баспана мәселесі!" — деп түсіндіреді Аружан Сайын.

Оның айтуынша, бала мен ата-анасы – мүмкіндігі шектеулі жандар, қазір отағасының ата-анасымен бірге тұрады. 11 жыл бұрын баспана алу үшін кезекке тұрған, содан бері 40 орынға ғана жылжыпты (151-ші орыннан 111-ші орынға).

Бала - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сарыағашта зорланды делінген 7 жасар баланың ісі не болып жатыр?

Қазір, қоғам белсендісінің пікірінше, Қазақстанның оңтүстігінде зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға жәрдемдесіп жүргендердің басты мақсаты – жәбірленушілерге заңға қатысты мәселелерді шешуге көмектесу, әлі күнге дейін сезілетін қысымнан оқшаулау, сол себепті барша жаны ашыған жандардан мүмкіндігінше көмек көрсетуді сұрайды.

Абай ауылында жоғары сынып оқушылары зорлаған баланың оқиғасы БАҚ көздерінде биыл наурыз айында жарияланғаннан кейін қоғам назарына ілінді.

Деректерді тексеру кезінде жазылғандардың бәрі шындық болып шықты. Оның үстіне мектеп әкімшілігі мен бірқатар аудандық құқық қорғау органдарының қызметкері болған іске біле тұра көз жұма қараған, баланы зорлау ісін жасыруға тырысыпты.

Тергеу барысында ұзақ уақыт бойы балаға тиісіп келген төрт оқушы ұсталды. Алайда кейінірек 14 жасқа толмаған үшеуі қылмыстық жауапкершіліктен босатылған. Іс сотқа жіберілді. Сотталушы – бір ғана жасөспірім.

Жаңалықтар
0