ШЫМКЕНТ, 19 шілде — Sputnik. Подъезде зорланған баланың 40 жастағы әкесі жүрегі ұстап қайтыс болды, деп хабарлайды 31 арна.
Ер адам баласы азғыннан жәбір көргеннен кейін бір аптадан соң көз жұмды, бұл оқиға бүкіл елге жайылған еді. 11 жасар баланы подъезде педофилдің зорлаған сәті бақылау камерасына түсіп қалған. Азғынды іздеп табу мақсатында бала мен педофилдің түр-әлпеті анық көрінетін видео желіде жарияланған болатын. Қылмыскер ұсталды, бала ер адамның шынымен сол азғын екенін өз көзімен көріп, растауы керек болды.
Марқұмның әйелі үш баласымен жесір қалды әрі төртінші баласына аяғы ауыр. Туыстарының айтуынша, ер адам жалғыз өзі табыс тауып, отбасын асыраған.
Видеоны таратқан адамға да полиция іздеу салып отыр, ол "жәрдемдескісі" келгені үшін жазаға тартылады.