Қоғам

Бірінші сыныпқа қабылдау тәртібі: қандай өзгерістер бар

© Photo : пресс-служба акима Южно-Казахстанской области1 қыркүйек
1 қыркүйек - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ата-ана өтінішті электронды түрде немесе өздері таңдаған мектепке барып бере алады

АСТАНА, 3 тамыз — Sputnik. Жаңа оқу жылынан бастап қазақстандық ата-аналар тұрғылықты мекенжайына қарамастан, балалары оқитын мектепті өздері таңдай алады.

Стартегия, цифрлық технологиялар сараптамасы бөлімінің басшысы Жазира Асанованың айтуынша, бұдан былай ата-ана немесе баланың заңды өкілі өздері таңдаған мектепке e.astana.kz сайты арқылы өтініш бере алады.

оқушы сабақта - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Астанада баланы мектепке қабылдау электрондық форматқа өткізіледі

"Баланың қауіпсіздігі мақсатында ата-аналарға жақын маңдағы мектепті таңдауға кеңес береміз. Егер ата-ана нақты бір мектепті таңдағысы келсе, оған 30 тамызға дейін қол жеткізе алады. Балаларды қабылдау жыл бойына жүргізіле береді", — деді әкімдік қызметкері Sputnik тілшісіне берген сұхбатында.

Е.astana.kz сайтына электронды өтініш берген кезде, "Бірінші сыныпқа тіркелуге құжаттарды қабылдау" бөлімінде болашақ бірінші сынып оқушысының туу туралы куәлігінің, мектеп басшысының атына жазылған өтініштің және медициналық төлқұжаттың бірінші бетінің сканерленген көшірмесі мен екі 3*4 суретті жүктеу керек.

Көңілі қалаған мектепте орын қалмаса (бір сыныпта 30 балаға дейін), елорда сайтында бірінші сынып оқушыларын қабылдап жатқан басқа мектептер тізімін қарап алуға болады.

Оқушының архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Еліміздің мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізіледі

Электронды өтініш беруге мүмкіндік болмаса, ата-ана жақын маңдағы мектепке барса болады. Сол жерде баланы 1-сыныпқа беруге көмек көрсетіледі.

Білім және ғылым министрлігі бұйрығына сәйкес, мектепті өз қалауымен таңдау тәртібі бүкіл республика аумағында жүргізіледі.

қаласында 84 мемлекеттік жалпы орта білім беретін мектеп бар. Жыл сайын оқушылар саны 15-18 мыңға көбейіп келеді. Биыл 7 мың орындық 6 мектеп салынып жатыр.

Жаңалықтар
0