АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. Асанада балаларды мектепке қабылдау электрондық форматқа өткізіледі, деп хабарлады қала әкімі Әсет Исекешев.
Қала басшысының атап өтуінше, осындай жаңашылдықтар қызметтердің ашықтығын қамтамасыз етуде маңызды бағыт болмақ.
"Қазіргі кезде Астанадағы білім беру жүйесінде мемлекеттік бес қызмет автоматтандырылды. Оның ішіне балабақшаға кезекке қою мен жолдама беру рәсімдері еніп отыр. Бұдан бөлек, 2018 жылдың 1 маусымына дейін балаларды мектепке қабылдау қызметін автоматтандыруды жоспарлап отырмыз", — деді Исекешев Астана қаласы педагогтарының дәстүрлі тамыз кеңесінде.