Өңірлер

Риддердегі атышулы жол апаты: Өскемен әкімі оқиға орнынан неге кетіп қалғанын түсіндірді

© AP Photo / Thomas KienzleСот
Сот - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Істің бас куәгері Қуат Тұмабаев сотта сұрақтарға жауап берді

АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Риддердегі жол апатына қатысты істің негізгі куәгері Өскемен әкімі Қуат Тұмабаев сотқа қатысты, деп хабарлайды Sputnik Yk-news.kz басылымына сілтеме жасап.

Ер адам - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Риддердегі атышулы жол апаты: марқұмның әкесі әкім орынбасарына кешірім берді

Тұмабаев Риддер әкімінің орынбасары Құрманбаевтың мас болған-болмағанын білмейді, сонымен бірге, күдіктінің көлік апатына дейін жол жүру ережесін бұзғанын да байқамапты әрі соңдарынан полиция көлігі ергенін де көрмеген екен.

Прокуратура өкілдері рөлде болған Құрманбаев марқұм Евгений Смольниковтың қасында болғанда, Тұмабаев көлікке мініп, оқиға орнынан неге кетіп қалғанын сұрады. Өскемен әкімі ол әрекетін былай түсіндірді: "Жарқыраған маяктары бар көлікті көріп қалдым, қасымыздан өте шықты. Жедел жәрдем шығар деп, соңынан қуып жетпек болдым. Екі жүз метрдей жүрген шығармын, мені полиция қызметкерлері тоқтатты".

Әрі қарай, Тұмабаевтың сөзіне сүйенсек, ол оқиға орнында болған. Бірақ кейінірек кетуге мәжбүр болыпты, дәрігерлердің көмегі қажет болған екен.

Атышулы жол апаты

Жол апаты оқиғасы қоғам назарына іліккен. Сәуір айында бозбала көлік астына түсіп, алған жарақатынан ажал құшқан еді.

Бейнетіркегіш - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Риддер әкімі орынбасарының адам қағып, қашқан сәтінің видеосы жарияланды

Кейінірек белгілі болғандай, оқиға кезінде рөлде Риддер әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев болған. Қасында Өскемен әкімі Қуат Тұмабаев отырыпты.

Тұмабаев Құрманбаевтың көлігіне отырып оқиға орнынан қашпақ болды, алайда ол бұл әрекеті үшін жазаға тартылмайды, деп хабарлады полиция. 

Қаза тапқан жігіттің әкесі Виктор Смольников Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа видеоүндеу жолдап, істің әділетті қаралуын сұраған болатын. Смольников жол апатына қатысы барлардың бәрі жазасын алуын еткен.

Смольниковтың Назарбаевқа үндеуі>>

Алайда 21 маусымда Смольников сотта мәлімдегендей, Риддер әкімінің орынбасарына кешірім беруге дайын және бостандығынан айыру жазасын сұрамайды. Құрманбаевтың әкесі ауыр дерттке шалдыққандықтан аяушылық білдіріпті.

Бетперде кигендер шабуылы

Кейінірек болғандай, қаза тапқан жігіттің әкесі ауыр соққыға жығылған. Бетперде киген белгісіз біреулер Виктор Смольниковты өз үйінің подъезінде ұрып-соққан. Басына зақым келіп, мұрыны сынған, кеуде қуысынан жарақат алған ол ауруханаға түсті.

Риддердегі атышулы жол апаты: бетперде киген үш адам марқұмның әкесін сабап кетті>>

Жаңалықтар
0