ӨСКЕМЕН, 22 маусым — Sputnik. Көлікке мас күйінде отырып, 19 жастағы бозбаланың өмірін қиған Риддер әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаевқа қатысты алғашқы сот отырысында қаза тапқан Евгений Смольниковтың әкесі келсімге келетінін мәлімдеді, деп хабарлайды КТК арнасы.
Естеріңізге сала кетсек, 15 сәуір күні күні кешкі сағат 9 шамасында Риддер қаласында 1999 жылғы азаматты көлік қағып, ол жедел жәрдем келмей тұрып, оқиға орнында қаза тапқан болатын. Ал шетелдік автокөлік жүргізушісі Риддер қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев болып шыққан. Тексеру жұмыстары оның көлікті мас күйінде тізгіндегенін көрсеткен. Кейін оның жанында Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев болғаны анықталды.
Бірақ оқиғаның басты куәгері — Қуат Тұмабаев осы оқиғадан кейін ақысыз еңбек демалысына жіберілсе де, сотқа бармапты. Қала басшысы тіпті өзін ақылға шақырмақ болған тәртіптік кеңесте де бой көрсетпеген екен. Алайда кеңес мүшелері Тұмабаевты қызметіне мүлдем сәйкес келмейді деп сырттай шешім шығарған.
Риддердегі жол апаты: Өскемен әкімі уақытша қызметінен кетуге мәжбүр болды>>
Жәбірленуші тарап баласын басып өлтірген күдікті Бауыржан Құрманбаевқа бірден кешірім бергенмен, басты куәгерге қатысты қылмыстық іс қозғатамыз деп отыр. Ал қала әкімінің орынбасарына қатысты шешімдерін марқұмның әкесі Виктор Смольников түсіндіріп өтті.
"Мен оның ата-анасын, әйелін қатты аяп кеттім. Әкесі қатерлі дертке шалдыққан. Ең болмағанда, соның жағдайын жасасын дедім. Түрмеде отырса, отбасына қалай көңіл бөлмек?!", — дейді Смольников.