Қоғам

Риддер әкімі орынбасарының адам қағып, қашқан сәтінің видеосы жарияланды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуБейнетіркегіш
Бейнетіркегіш - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Куәгер түсірген видеороликте даңғой жүргізуші қауіпті бұрылыс жасайды

АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik.  Желіде Риддерде мас күйінде рөлге отырған әкім орынбасары жас жігітті қағып кетіп, артынша қашқан сәтінің видеосы пайда болды. Онда BMW маркалы жол талғамайтын көліктің жүргізушісі жолда қауіпті бұрылыс жасағаны көрінеді.  

Видеоны Хабар 24 редакциясына мерт болған жігіттің әкесі жіберді. Оны оқиға болған күні сол жолмен мас қызметкерді аңдыған көлік жүргізушісі берген. Осі іске қатысты бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов пікір білдірген еді. 

"Бұл шынымен де қайғылы жағдай. Ол (Риддер әкімінің орынбасары –автор ескертп.) қамауға алынды. Бүгін біздің құқық қорғау органдары тиісті процедураны жалғастырып жатыр. Марқұмның ата-анасына көңіл айтып, кешірім сұрадық. Енді сот тергеуінің аяқталғанын күтеміз", — деді Ахметов 17 сәуір күні үкімет отырысынан кейін. 

Жүргізуші рөлде темекі тартып келе жатыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шығыс Қазақстанда әкімнің орынбасары 19 жастағы жігітті қағып өлтірді
Әкім ашық тергеу жүргізуге тапсырма бергенін атап өтті. 

Еске салып өтсек, Риддер әкімінің орынбасары 19 жастағы жігітті көлігімен қағып өлтірді. Жол-көлік оқиғасы кезінде 45 жастағы жүргізуші мас болған. 

Қазір шенеунік уақытшы ұстау абақтысында отыр, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Жаңалықтар
0