Оқиға

Шығыс Қазақстанда әкімнің орынбасары 19 жастағы жігітті қағып өлтірді

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуЖүргізуші рөлде темекі тартып келе жатыр, архивтегі фото
Жүргізуші рөлде темекі тартып келе жатыр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол-көлік оқиғасын тергеуді Шығыс Қазақстан полициясының басшысы ерекше бақылауына алды

АСТАНА, 16 сәуір — Sputnik. BMW Х5 жүргізушісі Риддерде 19 жастағы жаяу жүргіншіні қағып өлтірді.

Шығыс Қазақстан ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, апат 15 сәуір күні кешкі тоғыздың шамасында болған. 

ҚТЖ пойызы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Семейде 21 жастағы қызды пойыз қағып кетті

ВMW Х5 автокөлігінің жүргізушісі Айдарханов көшесімен келе жатып, жолдың оң жақ жиегінде бағыттас кетіп бара жатқан жүргіншіні қаққан. Салдарынан жас жігіт жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.    

Сот талқылауы барысында 45 жастағы жүргізуші Риддер әкімінің орынбасары екені анықталды. Рөлге ол мас күйінде отырған.  

Қазір шенеунік уақытшы ұстау абақтысында отыр, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.  

Облыс әкімінің тапсырмасымен жол-көлік оқиғасын тергеуді облыстық ішкі істер департаментінің бастығы ерекше бақылауына алды.   


Жаңалықтар
0