Қоғам

Риддердегі атышулы жол апаты: бетперде киген үш адам марқұмның әкесін сабап кетті

© Sputnik / Анна Соловьева / Медиабанкке өтуТөбелес
Төбелес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол апаты салдарынан баласынан айырылған ер адам ауруханада жатыр

АСТАНА, 23 маусым — Sputnik. Риддер әкімінің орынбасары қағып өлтірген жас жігіттің әкесін белгісіз біреулер сабап кетті.

Ер адам - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Риддердегі атышулы жол апаты: марқұмның әкесі әкім орынбасарына кешірім берді

Виктор Смольниковті өз үйінің подъезінде бетперде киген біреулер соққыға жыққан.

Облыстың ішкі істер департаменті баспасөз қызметі Sputnik агенттігіне берген мәліметіне сүйенсек, қазір Қылмыстық кодекстің 293-бабы 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Белгілі болғандай, ер адамның басына зақым келіп, мұрыны сынған, кеуде қуысында гематома пайда болған. Қазір ауруханада жатыр. 

Істің барысын қадағалап жүрген қоғамшыл Роман Честных Смольниковқа шабуыл жасауға кім мүдделі деген сұраққа жауап берді.

Сот - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Риддердегі атышулы жол апаты: әкім орынбасары сот алдына келеді

"Мұны кім істегенін білмейміз. Отбасына қатысты әділеттілікке қол жеткізу үшін Виктор күресіп жүрген тұлғалар оны ұрып-соғуға мүдделі емес", — дейді Честных.

Оның айтуынша, Смольников іс бойынша барлық куәгерден жауап алынбайынша процестік келісімге қол қоймағаннан кейін шабуыл жасалған.

YK.KZ өңірлік басылымының жазуына қарағанда, оқиға туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов естіпті. Облыстық прокуратура мен ішкі істер департаменті бұл жайтты мұқият тексереді, деп сенім білдірді өңір басшысы.

Атышулы жол апаты

Жол апаты оқиғасы қоғам назарына іліккен. Сәуір айында бозбала көлік астына түсіп, алған жарақатынан ажал құшқан еді.

Бейнетіркегіш - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Риддер әкімі орынбасарының адам қағып, қашқан сәтінің видеосы жарияланды

Кейінірек белгілі болғандай, оқиға кезінде рөлде Риддер әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев болған. Қасында Өскемен әкімі Қуат Тұмабаев отырыпты.

Тұмабаев Құрманбаевтың көлігіне отырып оқиға орнынан қашпақ болды, алайда ол бұл әрекеті үшін жазаға тартылмайды, деп хабарлады полиция. 

Қаза тапқан жігіттің әкесі Виктор Смольников Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа видеоүндеу жолдап, істің әділетті қаралуын сұраған болатын. Смольников жол апатына қатысы барлардың бәрі жазасын алуын еткен.

Смольниковтың Назарбаевқа үндеуі>>

Алайда 21 маусымда Смольников сотта мәлімдегендей, Риддер әкімінің орынбасарына кешірім беруге дайын және бостандығынан айыру жазасын сұрамайды. Құрманбаевтың әкесі ауыр дерттке шалдыққандықтан аяушылық білдіріпті.

Жаңалықтар
0