Қоғам

"Алмаз – Антей" Астанада әскери және азаматтық технологиялардың озық үлгісін ұсынады

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуЗениттік зымыран кешені, архив сурет
Зениттік зымыран кешені, архив сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2018 жылдың 23-26 мамыры аралығында Астанада "КАДЕКС – 2018" V Халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі өтеді

АСТАНА, 21 мамыр — Sputnik. "Концерн ВКО "Алмаз – Антей" АҚ Астанада 2018 жылдың 23-26 мамыры аралығында өтетін "КАДЕКС – 2018" V Халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесінде өз өнімдері мен технологиялық мүмкіндіктерін халық назарына ұсынады.

Броневик - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстанда Қарулы күштерге арналған броневиктер шығарылды

"Алмаз – Антей" бірыңғай экспозициясы жұмысы аясында Концерннің бес еншілес кәсіпорыны өнімдерін таныстырады: "ИЭМЗ "Купол" АҚ, "УМЗ" АҚ, "ФНПЦ "ННИИРТ" АҚ және "РИРВ" АҚ.

Атап айтсақ, С-400 "Триумф", С-300ВМ "Антей-2500" және С-300ПМУ2 "Фаворит" алыс қашықтықтағы зениттік зымыран кешендері мен "Бук" және "Тор" орта және жақын қашықтықтағы зениттік зымыран кешендерінің үлгілері мен осы өнімдер туралы видеороликтер, медиапрезентациялар көрсетіледі.

Қазақстандық бронды машина - Sputnik Қазақстан
Видео
Қазақстандық бронды машина - Арлан

Бұдан бөлек, концерн стендіне келушілер 55Ж6МЕ көпфункциялы радиолокациялық кешені, 55Ж6УМЕ, "Небо-СВУ" және 1Л121Е кезекшілік режимдегі мобильді радиолокациялық кешендері, 1Л122-1Е және 1Л125Е шағын көлемді мобильді радиолокациялық кешендері туралы мағлұмат ала алады.

Концерн бас директорының сыртқы экономикалық қызмет бойынша орынбасары Вячеслав Дзиркалн мәлімдегендей, "Кадекс-2018" көрмесінде "Алмаз – Антей" Орта Азия өңірінде сұранысқа ие өнімдер мен қызмет көрсетулерге ерекше мән бермек.

Оның сөзіне сүйенсек, көрме аясында делегация мүшелері мемлекеттік құрылым өкілдері, өзге елдердің ресми делегациялары, холдинг өніміне қызығушылық білдірушілермен бірқатар кездесу және келіссөз жүргізеді.

"Кадекс-2018" көрмесінде шетелдік тапсырыс берушілер зениттік зымыран жүйелері мен кешендеріне, азаматтық және екі жақты қолданыстағы өнімдерімізге қызығушылық танытады деп үміттенеміз. Біздің өнімдеріміз айрықша сипатының арқасында жоғары экспорттық әлеуетке ие", — дейді Дзиркалн.

"Концерн ВКО "Алмаз – Антей" АҚ – 130 мыңға жуық қызметкері бар ірі ресейлік қорғаныс-өнеркәсіп кешені бірлестігі. Холдинг үш жылдан бері Defense News 100 рейтингінде 11-орында тұр. Концерннің өнімін 50-ден астам елдің қарулы күштері пайдаланады.

Жаңалықтар
0