АСТАНА, 7 желтоқсан — Sputnik. "Қазақстан Парамаунт Инжиниринг" отандық кәсіпорыны "Plasan" израилдік компаниясымен бірігіп "Алан" атты броневиктер өндірісін шығарды, деп хабарлайды қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.
"11 адамға арналған броневик STANAG 4569 стандартының үш қорғаныс деңгейі талаптарына сай келеді. Жасалынған материалдары жеңіл, қосымша қорғаныс көліктің массасына, броневик қызметінің өнімділігіне әсерін тигізбейді", — делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, "Алан" броневигі әртүрлі мақсатта қолданыла алады: барлау көлігі ретінде, командалық-штабтық көлік ретінле, әртүрлі қару-жарақпен қамдалған жедел қызмет күштеріне арналған көдік ретінде.
"Алан" броневигінің алғашқы партиясы Қазақстан Республикасының Қарулы күш ведомстволарының тапсырысы аясында сәтті түрде өндіріліп шығарылды", — делінген баспасөз қызметінде.