Саясат

Қазақстан Қарулы Күштері "Іздестіру-2017" оқу-жаттығуына қатысты

© Photo : пресс-служба министерства обороны РКҚазақстан Қарулы Күштері "Іздестіру-2017" оқу-жаттығуына қатысты
Қазақстан Қарулы Күштері Іздестіру-2017 оқу-жаттығуына қатысты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның Қарулы Күштері оқу-жаттығуда Десанттық-шабуылдау әскерлерінің барлау бөлімшесі ретінде ұсынылды

АСТАНА, 9 қазан — Sputnik. 2017 жылғы 3 қазанда Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы Ұжымдық жедел ден қою күштерінің "Жауынгерлік бауырластық-2017" жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігі.

Қазақстан құрамасы - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстан құрамасы АрМИ-2017-де үшінші орынға ие болды

Аталмыш оқу-жаттығудың алғашқы кезеңі барлау күштері мен құралдарының "Ізестіру-2017" тактикалық арнайы оқу-жаттығуы болды. Оқу-жаттығудың ниетіне сәйкес халықаралық жағдайдың шиеленісуі кезінде ҰҚШҰ-ның шартты мүше мемлекеттерінің бірінің аумағына заңсыз қарулы құралымдардың ену ықтималдылығы туындады. Оңтүстік әскери округтің полигонында жедел-тактикалық жағдайды қадағалау мақсатында Ұжымдық жедел ден қою күштерінің басшылығы ҰҚШҰ-ның барлық елдері өкілдерінің қатысуымен барлауды басқарудың бірлескен пунктін өрістетті. 

Қабылданған шешімге сәйкес барлау бөлімшелері Армения Республикасының "Баграмян" полигонына жауынгерлік арналым аудандарына келді. Онда қысқа мерзімде қойылған оқу-жауынгерлік тапсырмаларды, оның ішінде, барлау-іздестіру іс-қимылдарын, шабуылдауды, атыспен торуыл жасауды, сондай-ақ фалл арқылы әуеден десанттай отырып, басып алынған ғимаратқа шабуыл жасауды орындады. 

Қазақстанның Қарулы Күштері оқу-жаттығуда Десанттық-шабуылдау әскерлерінің барлау бөлімшесі ретінде ұсынылды.

"Аталмыш оқу-жаттығу барлауды басқару органдарының үйлесімділігін арттыруға, барлау операцияларын жоспарлау кезінде іс-әрекеттің бірізділігін бірыңғай ұғынуға қол жеткізуге, сондай-ақ радиотехникалық, радиоэлектрондық, ақпараттық, арнайы және әскери барлауды жүргізуде озық тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді", — деп ҚР ҚК-нен жедел топ жетекшісі полковник Болат Жорабаев оқу-жаттығу нәтижелерін баяндап берді.

"Іздестіру-2017" тактикалық арнайы оқу-жаттығуының соңында оның үздік қатысушылары медальдармен, грамоталар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұжымдық жедел ден қою күштерінің "Жауынгерлік бауырластық-2017" жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы биылғы жылы алғаш рет бірыңғай түпкі ниет, қисынды бірізділікте өтуде және 2017 жылғы қазан-қараша айларында Ресей Федерациясы, Армения, Қазақстан және Тәжікстанның аумағында кезекпен-кезек өткізілетін 4 кезеңнен тұрады. "Өзара іс-қимыл-2017" деп аталатын келесі кезең ағымдағы жылғы 9 қазанда Армения Республикасының "Баграмян" полигонында басталады.

Жаңалықтар
0