АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстан қарулы күштерінің құрамасы Әскери халықаралық ойындарда жалпы командалық үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды республиканың қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Мәскеу түбіндегі "Алабино" полигонында Әскери халықаралық ойындар 2017 аяқталып, олардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрама командасы әлемнің 28 елінен келген 150 әсери командалары арасында үшінші жалпы командалық орынға қол жеткізді.
Жарыстардың қорытындылары бойынша бірінші орынға Ресей Федерациясының командасы, екінші орынға Қытай құрама командасы ие болды.
Қазақстанның командасы ұйымдастырушылардың бағасы бойынша көрнекілердің бірі болып танылды.
"Ойын төрешілері алқасының мүшелері ҚР ҚК әскери қызметшілерінің жоғары дайындық деңгейлерін, кәсіпқойлықтары мен жауынгерлік дағдыларын атап өтті. Құрамамыздың қоржынында 3 алтын, 7 күміс және 5 қола медаль бар", — делінген хабарламада.
АрХО-2017 сайысында қазақстандық құраманың өнер көрсетуінің шарықтау шегі "Танк биатлоны" байқауы болды. Онда танкішілеріміз 1 сағат 45 минут 41 секунд нәтижесімен Т-72 танкісінің базалық моделінде жоғары кәсібилік пен басқару шеберлігін паш етіп, екінші орынды иеленді.
Жыл сайын елдер арасындағы достастық өзара қарым-қатынасты нығайту мен дамытудың маңызды факторы бола отырып, сайыстардың пішімі жетілдіріліп, қатысушылардың ауқымы кеңейе түсуде.