Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов депутаттарға "Арлан" бронды машинасы туралы айтты. Әскери көлікті Kazakhstan Paramount Engineering компаниясы шығарады.
Көлік сағатына 100 километр жылдамдықпен жүре алады, баллистикалық шабуылдан сақтап, минаға төтеп беру үшін екі рет құрышпен қапталған.
"Арлан" жарықшақтарға төзімді әрі жарылыс күшін бейтараптандырады. Бронды машинамен –50°C аязда да, +50° аптапта да жүруге болады. Әрі биологиялық және химиялық қаруға қарсы қорғаныс жүйесі орнатылған.