Мәдениет

Қазақ режиссері жапондармен бірлесіп фильм түсіреді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҰлытау
Ұлытау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әке мен бала оқиғасын баяндайтын "Барымта" фильмінің түсірілімі бастан-аяқ Қазақстанда өтеді

АСТАНА, 16 мамыр – Sputnik, Нұргүл Абай. Жапониялық продюсерлер қазақстандық режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтің "Барымта" жобасына қызығушылық танытып, бірлесіп толықметражды фильм түсіруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Қазақфильмкиностудиясының ғимараты - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Әлемді тамсандырған қазақ. Әміре Қашаубаев туралы фильм таныстырылды

"Барымта" фильмі – біздің ұлттық павильонның алғаш бастаған жобасы. Режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов сол жобаны қорғап, продюсерлер қызығушылық танытқан еді.  Tokyo New Cinema студиясы жобаға қосылды. Алла қаласа, жазда фильмнің түсірілім жұмыстары басталады. Бас рөлді Жапонияның танымал әртісі сомдайды. Әзірге шарт бойынша актердің аты-жөнін құпия ұстаймыз. Сонымен қатар, кинотуындыға отандық әртістер де түседі. Ал түсірілім тобы екі тараптан құралады", — деді ҚазҰӨУ кино және телевизия кафедрасының меңгерушісі Талғат Тайшанов Канн фестивалінде ашылған Қазақстанның ұлттық павильонына қатысты баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, фильм әке мен бала арасындағы оқиға жайында. Тайшанов "Барымта" фильмінің түсіріліміне Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері де қатысатынын атап өтті.  

 "Түсірілім толығымен Қазақстанда өтеді. Қазір Ерлан Нұрмұхамбетов Канн фестивалінде жүр. Осы жобаға Франция мен Италия да қызығушылық танытқан", — деді Тайшанов. 

Айта кетсек, 8 мамырда жұмысын бастаған 71-ші Канн фестивалі аясында Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды. Ондағы көрмеге қазақ киносының соңғы картиналары мен жастардың жаңа туындылары қойылды. 

Елімізде ырым-тыйымдарды түсіндіретін анимациялық фильм түсірілді - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Елімізде ырым-тыйымдарды түсіндіретін анимациялық фильм түсірілді

"Біз Канн фестиваліне алғаш рет келіп отырғанымыз жоқ, былтыр осы фестивальдің мерейтойы құрметіне павильон ашқан едік. Биыл ұлттық павильон Астана мен Қазақ ұлттық өнер университетінің 20 жылдығына орай шымылдығын түрді. Бұл бүкіл қазақстандық кинематограф үшін маңызы зор оқиға. Бұл бізге халықаралық кинофестиваль президенттерімен, танымал әртістер және режиссерлермен танысып, пікір алмасуға, отандық киноиндустрияны дамытуға  мүмкіндік береді", — деді Айман Мұсақожаева баспасөз мәслихатында.  

Халықаралық Канн фестивалі 19 мамырға дейін жұмысын жалғастырады.


Жаңалықтар
0