Өңірлер

Ақтауда ата-ана қызының өліміне мектеп мұғалімін кінәлап отыр

© Photo : РixabayҚыз
Қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Анасының айтуынша, қызы сынып жетекшісімен ренжіскен соң, өз-өзіне қол салған

АСТАНА, 11 сәуір — Sputnik. Ақтауда ата-ана 17 жастағы қызының өліміне сынып жетекшісін кінәлап отыр, деп хабарлайды lada.kz жергілікті порталы.

Жасөспірім - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Көкшетауда 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол салды

№4 мектеп-гимназиясының оқушысы өз-өзіне қол салған. Қайғылы оқиға 6 сәуірде болды. Анасының айтуынша, мектептегі жанжал салдарынан қыз бала өзін-өзі өлтірген. 

Сол күні әйел адамға қызының сыныптасы хабарласып, оқушының көптен бері төрт сыныптасымен ренжісіп жүргенін айтады, алайда олар жанжалды ересектердің араласуынсыз өзара шешеді екен. 

"Бірақ алтыншы сәуір күні сынып жетекшісінің араласуынан соң қызым қатты психологиялық күйзеліске ұшыраған. Мұғалім педагогикалық этиканың сақтамай, төрт сыныптасының алдында қызымды әлгі қыздар туралы өсек таратты деп айыптады. Сынып жетекші және сыныптастарымен әңгімеден кейін қызым өз-өзіне қол салды", — дейді әйел. 

Сыныптасының айтуынша, мұғаліммен сөйлескен соң қыз бала жылап, сыныптан шығып кеткен.

"Қызым басқа сыныптастарына айтқандай, жетекшісінің тарапынан мұндай әділетсіздікті күтпеген екен. Бірнеше жылдар бойы ақы төлеп, қосымша сабағына барып жүретін. Екеуі үнемі ашық сөйлесіп, қызым ішіндегі бар сырымен бөлісетін", — деп жалғастырды әйел. 

Анасының айтуынша, жанжал барысында мұғалімнің қызды айыптауы, оқушыға ауыр соққы болған.

Суицид - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада жігіті тастап кеткен қыз өз-өзіне қол салмақ болды

Ата-анасы қызының мінез-құлқынан бұрын-соңды мұндай ештеңе байқамапты. Оқушы дәрігер болуды армандап, қалалық олимпиадаларға қатысып жүрген. Аэробикамен айналысып, модельдер мектебіне барады екен.  

Қазір оқушының өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеулер жүргізіліп жатыр. Ата-ана қызының өліміне себепкер тұлғаларды жауапқа тарту үшін прокуратураға арыз берді.

Жаңалықтар
0