АСТАНА, 23 қыркүйек — Sputnik. Астанада полицейлер өз-өзіне қол салмақ болған қызды тоқтатты. "Столичный" тұрғын үй кешенінің тұрғындары оқиғаның куәгері болған.
Куәгер Талғат Бектегенов Facebook желісіне видеоны жариялады.
Полиция айтып өткендей, учаскелік инспекторлар ауданды тексеріп жүріп, сегізінші қабатта подьезд балконынан секіргелі тұрған қызды байқап қалады. Полицияның аға лейтенанты Темірхан Қайырбеков пен полиция капитаны Асқар Папышев тезірек көтеріліп, қызды түсіріп алады.
"Оқиға 22 қыркүйекте 19.00 кезінде "Столичный" тұрғын үй кешенінде болған. Полицейлер қызды түсіріп алды. Жиырма сегіз жастағы елорда тұрғыны жігітімен айырылысып кеткендіктен осындай қадамға бармақ болғанын айтқан", — деп мәлімет берді ІІД Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Қызға психологиялық жәрдем көрсетілуде.