Қоғам

Талғарда мүгедек баланы өлтірген тəрбиеші түсіністік танытуды өтінді

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуДәрітамызғышта ойыншық ілулі тұр, архивтегі фото
Дәрітамызғышта ойыншық ілулі тұр, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдікті әйел үш баласы бар екенін алға тартып,8 жасар Мұхамеджанның анасынан кешірім беруді сұрады

АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. Мүгедек баланы азаптап өлтірді деп айыпталып жатқан тәрбиеші кешірім сұрады. Үш бірдей кәмелетке толмаған қызының барын алға тартқан туыстары да оның жазасын жеңілдетуді өтініпті. Десе де, қара жамылған отбасы балаға жаны ашымаған әйелге кешірім беруден үзілді-кесілді бас тартты, деп хабарлады КТК.

Керісінше, асқан қатігездігі үшін оған ең қатаң жаза қолдануды талап етіп отыр. Ал бүгінге дейін Құттықожаевтар отбасы мен журналистерге төбе көрсетпей жүрген Талғардағы мүгедек балалар интернатының басшылары болса тұңғыш мәрте түнде болған жантүршігерлік оқиға жайлы айтып беруге келісті. 

Аурухана - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Талғардағы мүгедек баланың жантүршігерлік өліміне қатысты тың дерек шықты
  

Мүгедек балалар жатақханасындағы жантүршігерлік оқиғаның жай-жапсары белгілі болды. Сот сараптамасы жарымжан баланың жүрек ауруынан емес, қылқындырылып өлтірілгені анықтаған бойда тәрбиеші шындығын мойындаған. Мына тергеу мәліметтерінде жазылғандай, 30 жастағы келіншек жылап қоймаған жеткіншекті жаялықпен мойнынан бұрап төсектің иін теміріне таңып қойыпты. Артынша баланың өз шұлығымен белін де төсекке тас түйін байлағанын айтқан.  Бала екі сағат бойы солай жатыпты. Тек еріндері көгере бастағанда бір-ақ шешіп алған.     

Осылай баланы тыныштандырмақ болдым деген күтушінің туыстары енді кешірім сұрап қайта-қайта қара жамылған отбасының мазасын алып жатыр екен. 

"Менің сіңіліме кешірім берсін деп хабарласыпты. Бірақ мен кешіре алмаймын! Жазасын тартсын!", — дейді  Мұхамеджанның нағашы апасы Кеңескүл Әділова.

Бір емес, үш бірдей кәмелетке толмаған қыздарының барын алға тартқан күдікті әйел 8 жасар Мұхамеджанның анасынан өзіне түсіністікпен қарауды өтініп жүр екен. 

Қыз қолымен жүзін жауып отыр - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Аружан Сайын әлдекім денесіне қасақана ине тыққан қыздың тағдыры туралы айтты

"Буындырып қолдан өлтіріп отыр ғой! Құдай жазасын берсін! Мен оның үш емес, он баласы болса да мен оларды кешірмеймін. Оған өлім жазасын кескенін қалаймын!", —дейді Мұхамеджанның анасы Зарина Құттықожаева.

Ал жантүршігерлік бала өлімі болған Талғардағы мүгедек балалар интернатының басшылығы болса енді сөзге келе бастады. Айтуларынша, сол түні балалардың түн ұйқысын бір емес, бақандай 10 маман қорғап отырған екен. Яғни, балалар бақылаусыз қалмаған. Бірақ, неге екені белгісіз бастапқыда сұхбат беруге дайынмын деп тілшілерді шақыртқан директор орта жолда ойынан айнып қалып, камераға орынбасарын тықпалады.

— Мейрам күндері болған. Баланың қайтыс болғанын бізге таңертең айтты. Сұхбатты Жарқын Нұрланұлы береді.   Толық ақпарат сол  кісіде.  

— Сіз енді мекеме басшысы емессіз бе?  

— Түсініп тұрмын ғой!  

Сөйтіп ақыры басшының орнына орынбасарына ақталуға тура келді. 

Бала көлеңкесіне қарап тұр - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
ОҚО-да туған ұлын өлімші етіп ұрған қатігез ана сотталды

 "Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді демекші, бір осындай салғырттықтан бүкіл мекеме қызметкеріне, жалпы мекеме атына кір келді. Тәрбиешілердің бәрі алды 20 жыл, соңы  7 жыл еңбек еткен кісілердің еңбегін жоққа шығаруға болмайды, әрине. Дегенмен, жұмыс тәртібі бұдан да күшейтілді", — деп түсіндірді "Аяла" Талғар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Жарқын Нұрланұлы.

Яғни, бұдай былай әрбір баланың бөлмесінен бір-бірден бейнебақылау камерасы орнатылатын болыпты. Қазір аталған іс бойынша тергеу әлі де жалғасып жатыр.


Жаңалықтар
0