Қоғам

Аружан Сайын әлдекім денесіне қасақана ине тыққан қыздың тағдыры туралы айтты

CC0 / StockSnap / Қыз қолымен жүзін жауып отыр
Қыз қолымен жүзін жауып отыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әкесі қайырымдылық қорынан көмек сұраған, алайда оның өзі тергеуге алынуы мүмкін

АСТАНА, 29 наурыз — Sputnik. 7 жасар қыздың денесіне әлдекім бірнеше рет ине тыққан, ал Бас прокуратураға жазылған хаттан еш пайда болмай отыр. Әкесі көмек сұраған қыздың жантүршігерлік жарақаттары туралы "ДОМ" қайырымдылық қорының басшысы Аружан Сайын Facebook-те жазды.  

Операция - Sputnik Қазақстан
Сәбидің денесінен 16 ине табылды – Өзбекстанда болған оқиға

"2016 жылдың қаңтар айының басында біздің Қорға 2011 жылы туған Айнаның (аты өзгертілді) әкесі келіп, өңеші күйіп қалған баласына жолдама алып беруді өтінді. Қордың жұмыс тәртібіне сәйкес, баланың ата-анасынан алынған барлық медициналық анықтаманы біз әр түрлі клиникаларға жібердік", — деп жазды ол.

Зерттеу нәтижесі жантүршігерлік болып шыққан. Сайынның айтуынша, дәрігерлер өз көздеріне өзі сенбей, жағасын ұстаған.   

"Құжат бойынша олар баланың денсаулығына арты өлімге әкеліп соқтыратын ауыр зардап келтірілгенін  анықтады, оны біреу жүйелі түрде және қасақана жасап отырған", —  дейді пост авторы.

Қайырымдылық қоры баладан бірнеше жылдың ішінде табылған барлық жарақатты тізіп шықты:  

Мәйітхананың архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Әлем
Қонақ үйден 33 жастағы кәсіпкер мен оның бала-шағасының мәйіті табылды

" — 2012 жылдың маусымы (бала бір жаста) —  ауыр бас сүйек-ми жарақаты, жарақаттың сипаты баланың өзі құлап қалғанына күдік туғызады.

— 2013 жылдың қаңтары (бала бір жарым жаста) — еңбегіне бірнеше ине сұғылған. Бала бұл жаста еңбегіне өзі ине тыға алмайды!  

—  2013 жылдың мамыры (Қыз әлі 2 жасқа толмаған) — күйдіргіш сұйықтық ішкен — өңеші күйіп қалған. Әдетте, бала сірке суы немесе қышқыл ішіп қойған кезде, аузына апарған бойда ауырғанын сезіп, түкіріп тастайды. Ал Айнаның өңеші асқазанына дейін күйіп қалған, аузы мен мұрны да күйген. Мұндай жағдай балаға күштеп ішкізген кезде ғана болады… әлі күнге дейін қыз өздігінен тамақ іше алмайды, ол зонд (денеге сұғылатын медицина аспабы) арқылы тамақтанады, белгілі бір сұйық тамақтарды ғана ішеді. Бес жасында оның салмағы сегіз килограмнан сәл-ақ асқан…  

— 2014 жылдың сәуірі (бала екі жас 8 айда) – арқасына, көкірек қуысына ине тығылған. Инелердің бірі жүрек пен омыртқаның дәл жанынан өткен. Кейбір инелерді алып шыға алмаған".

Медициналық анықтамаларға сәйкес, Айнаның сол кездердегі жағдайы өте ауыр болған және бірнеше диагноз қойылған: әлсіреу, гепатомегалия, емделмеген іріңді эзофагит, ұзақ уақыт емделмеген екіжақты пневмония және т.б.

Қол ұстасу - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Белгілі бизнесмен сарыағаштық 7 жасар бала мен анасын қамқорлығына алды

"Біз осы жайттардың бәрін жазып, Бас прокуратураға хат жаздық, өйткені отбасында оны біреу жүйелі түрде өлтіруге тырысып бағуда", — дейді Аружан Сайын.

Хат авторлары баланы отбасынан оқшаулап, денсаулық сақтау департаменті, қамқоршылық органдары мен полицияның әрекетсіздігіне назар аударып, баланы Алматыдағы педиатрия және  балалар хирургиясы ҒЗО-ға жатқызуды және ұсынылған фактілерді тергеу бойынша шара көруді сұраған екен. Оның айтуынша, бұдан нәтиже болмаған.  

"Алғашқы хат Бас прокуратураға 2016 жылдың қаңтарында жолданды. 2016 жылдың сәуірінде біздің кеңседе бала құқығы жөніндегі уәкілмен кездесуде бұл хатты, медициналық құжаттар мен басқа да ақпараттарды Зағипа Бәлиеваға тапсырдық. 2017 жылдың ақпанында бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченкомен кездесуде біз жаңа бас прокурор Ж.Асановтың атына бұрын жазылған хаттар мен құжаттарды қосып жаңа хат жолдадық. Бұл қызға қатысты хатқа әлі күнге дейін ешкімнен жауап алмадық", — деп жазды Аружан Сайын.    


Жаңалықтар
0