АСТАНА, 23 қаңтар – Sputnik. Өзбекстанның Фергана облысында дәрігерлер 11 айлық баланың денесінде 16 ине бар екенін анықтады, деп хабарлайды РИА Новости елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Kun.uz басылымы бұған дейін дәрігерлер баланың денесінде бөтен зат бар екенін рентген арқылы білгенін жазған еді. Дәрігерлерден баланың анасы көмек сұрап келген. Ташкенттегі Жедел медициналық көмек республикалық ғылыми орталығында (ЖМКРҒО) сәбиге шұғыл ота жасалды.
"Тоғыз сағаттық ота жасалды, баланың денесінен 13 ине алынды", — деп растады агенттікке сұхбат беруші.
Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің мәліметінше, анализден кейін инелер баланың ағзасында бір-бір жарым ай бойы болғаны анықталған.
ЖМКРҒО балалар бөлімінің меңгерушісі Хабибулла Акимов инелер дененің әр түрлі бөлігінен табылғандықтан, оларды баланың өздігінен жұтуы мүмкін емес деп отыр. Құқық қорғау органдары аталған факті бойынша тергеуді бастады.