Қоғам

Депутат: Мұғалімдердің жалақысы орташа еңбекақыдан екі еседей төмен

© Photo : управление образования АстаныМектеп
Мектеп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін парламентте мұғалім мамандығының мәртебесін көтеру мәселесі талқыланды

АСТАНА, 20 ақпан — Sputnik. Мұғалімдердің жалақысы орташа еңбекақыдан екі еседей төмен, дейді мәжіліс депутаты Наталья Жұмаділдаева.

500 теңгелік банкнота - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Мектеп директорлары мен орынбасарларының жалақысы өсірілмек
"Мұғалім мамандығының мәртебесі мәселесі Қазақстан үшін де аса маңызды. Қазақстанда педагогтардың жалақысы ел бойынша орташа еңбекақыдан екі есе дерлік төмен. 2017 жылдың екінші тоқсанындағы статистикалық көрсеткіштерді мысалға келтірейін. Педагогтың орташа еңбекақысы —  99 мың теңге, ал елдегі орташа жалақы — 140 265 теңге", — деді депутат мұғалім мамандығының беделін арттыру мәселелері талқыланған отырыста.

Депутат төмен жалақы бұл салаға дарынды жастарды тартуға мүмкіндік бермей отырғанын алға тартты. 

"Алтын белгі" иегерлерінің тек 5-7 пайызы ғана педагогикалық  мамандықтарды таңдаған. Бұдан бөлек, педагогикалық мамандықтарға грантқа түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу балының төмен болуы бұл кәсіпке қызығушылығы жоқ жастардың келуіне себеп болып отыр. Десек те, көптеген түлек диплом алғаннан кейін мамандығы бойынша жұмыс істемейді", — деді депутат. 

ЖОО студенттерінің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Білім министрлігі профессорлардың жалақысы қашан өсетінін айтты
Жұмаділдаева елімізде тәуелсіздік жылдары ішінде мұғалімдердің мәртебесін көтеру бойынша жасалған шаруаға тоқталып, бірақ бұл жұмыстардың мәселені толыққанды шешпегенін айтып өтті.

"Бүгінгі күні Қазақстанда педагогтың қоғамдағы мәртебесі туралы анық мәлімет жоқ. Халықаралық деңгейде мұғалімнің мәртебесін бағалауға мүмкіндік беретін әдіс-амалдар бар. Сондай-ақ бізде кадрлардың тұрақсыздығына қатысты статистика ұттық деңгейде жүргізілмейді. Мұндай мәліметтердің жоқтығы мұғалімдердің кәсіптен кетуінің себебі мен оның ауқымын толыққанды анықтауға мүмкіндік бермей отыр", — деп қынжылды депутат.

Жаңалықтар
0