Қоғам

Білім министрлігі профессорлардың жалақысы қашан өсетінін айтты

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуЖОО студенттерінің архивтегі фотосы
ЖОО студенттерінің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жоғары оқу орындары коммерциялық емес акционерлік қоғам болып қайта құрылып, академиялық еркіндік алады

АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Коммерциялық емес акционерлік қоғам болып қайта құрылған жоғары оқу орындарында еңбекақыны төлеу жүйесін өзгертуге мүмкіндік болады. Бұл туралы бүгін білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова айтты.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында профессорлардың төмен жалақысы мен жүктеменің көптігі мәселесі қозғалды. 

Ұстаз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Білім министрлігі мұғалімдердің жалақысы қалай өсетінін айтты
"Оқытушы-профессорлар құрамының жалақысын көтеру мәселесі бұрыннан көтеріліп келеді. Сіздер білетіндей, бізде мемлекеттік білім тапсырысы бойынша баға бекітілуде. Өткен жылдың соңында біз жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру әдістемесін әзірледік. Биыл аталған әдістеме жетілдіріледі, соның аясында дәл осы мұғалімдердің жалақысына қаражатты қайта бөлу мәселесін қарастырамыз деп ойлаймын. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жоғары оқу орындары КЕАҚ  (коммерциялық емес акционерлік қоғам – агент.ескерт.) болып қайта құрылып, академиялық еркіндік алады. Сәйкесінше жоғары оқу орындарындағы еңбекақыны төлеу жүйесін өзгертуге мүмкіндік болады", — деді Асылова. 

Ал білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарындағы жүктеме төмендетіліп жатқанын атап өтті. 

"Кеңес Одағы кезіндегімен салыстырғанда, бәлкім жүктеме әлі де болса көп шығар. Бірақ қазір бұл бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр",- деді ол.

Жаңалықтар
0