АСТАНА, 20 ақпан — Sputnik. Білім және ғылым министрлігі мектеп директорлары мен орынбасарларының жалақысын өсіруді қарастырып жатыр. Бұл туралы мәжілісте мұғалім мамандығының беделін арттыру мәселелері талқыланып жатқан отырыста вице-министр Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сондықтан, оның айтуынша, бүгінде білім министрлігі бұл сұрақты қарастырып жатыр.
"Әріптестерімізбен талқылаудамыз. Мектеп директорлары мен олардың орынбасарларының еңбекақысын дифференциялдау мүмкіндігін қарап жатырмыз", — деді ол.
Еске сала кетсек, Елбасы биылғы жолдауында білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 процентке көбейтуді тапсырған болатын. Сонымен қатар 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесі енгізіледі. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 проценттен 50 процентке дейін өседі.