Саясат

Назарбаев ірі инвестордан қашқан экс-министр туралы айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновАсқар Мырзахметов
Асқар Мырзахметов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент жаңа министр Өмірзақ Шөкеевке ауыл шаруашылығындағы проблемаларды шешуді тапсырды

АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің кеңейтілген отырысында ауыл шаруашылығы саласына инвестор тарту мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов - Sputnik Қазақстан
Экономика
Елбасы Сұлтановқа: үшінші ескерту соңғы болуы мүмкін
"60, 61 қадамдар – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге стратегиялық инвесторлар тарту. Уақыт өтіп жатыр, бірақ стратегиялық инвестордың қатысуымен бірде де жоба жүзеге асқан жоқ. Сен (Өмірзақ Шөкеев – ауыл шаруашылығы министрі, ред. ескертп.) жас министрсің, яғни бұрынғы әрі жас министр. Бұған дейін де министр болдың, енді тағы келіп отырсың. Уақыт өтіп жатыр, байқа", — деп ескертті Назарбаев Шөкеевке. 

Мемлекет басшысы осы тұста Шөкеевке дейін ведомствоны басқарған Асқар Мырзахметовтің жұмысын сынға алды. 

"Иналко" компаниясының ірі инвесторы, Gruppo Cremonini тобы, Мырзахметов Асқардың артынан үш жыл жүгірді. Қуып жете алмады. Министр сөйлесудің орнына, олардан қашты. Ақша төлейін, жасайын, малдың тұяғына, жүніне, терісіне, тіпті асқазанының ішіндегі қалдығына дейін түгін қалдырмай өңдейміз дегенде біз жұмыс бермейміз. Қалай сонда? Мына түрімізбен қалай өңдейміз?", — деп ашуланды президент. 

Шөкеев бұл мәселе шешімін тапқанын айтты. 

"Нұрсұлтан Әбішұлы, қазір мәселе шешілді… Аягөзде австралиялық компанияның ет комбинаты бар. Өскеменде де құс еті бойынша инвесторлар бар. Біз мал шаруашылығы бойынша бағдарламаны жаңғыртқымыз келеді", — деді министр. 

Елбасы ауыл шаруашылығында шешілмей келе жатқан басты екі мәселеге тоқталды. 

Тамара Дүйсенова - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев министрге: мына жұмыстан шаршадың ба әлде?
"Біз ауыл шаруашылығын өте маңызды екі мәселе бойынша сынға аламыз. Біріншісі, еңбек өнімділігі өспей отыр. Бұл қосымша құнды көтерумен, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен тікелей байланысты. Екіншісі, экспорт өспейді. Осы екі мәселе бойынша қыруар жұмыс атқару керек", — деді Назарбаев. 

"Өзіңізге баяндағандай, алдағы уақытта үш бағыт бойынша жұмыс істегелі жатырмыз. Біріншісі, ет индустриясын қайта дамыту. Оған бізде барлық негіз бар. Қазір 86 репродуктор жұмыс істеп тұр. Асыл тұқымды мал саны үш жылда 400-ден 700-ге өсті. 16 мың фермер осы бағытта жұмыс істеп жатыр, аяқ алысы жаман емес. Өткенде біз Ақтөбеде Бердібек Мәшбекұлы (Сапарбаев, облыс әкімі –ред. ескерт.) екеуміз екі күндік үлкен семинар өткіздік. Фермерлердің қызығушылығы жоғары. Сондықтан осы бағдарламаны қайта жаңғыртып, сізге ұсыныс енгізбекпіз. Ал экспорт бойынша, ең әуелі, ветеринария мәселесін шешу керек…Бағдарлама дайын,  сізге бір ай ішінде ұсыныстар енгіземіз", — деді Шөкеев.

Жаңалықтар
0