АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар туралы сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Министр Дүйсеноваға талай рет айттым. Не болды енді Тамара, айтшы. Әлде шаршадың ба сен мына жұмыста?",- деп сұрады президент министрден.
Дүйсенова қазір үкіметте үлкен топ құрылғанын, сәуір айында осы заңдарға өзгеріс енгізу жоспарланып отырғанын айтты.
"Ең бірінші, өзін-өзі қамтыған азаматтар деген кім, соның анықтамасын береміз. Егер шынымен олардың табысы 700 мыңнан кем болса, хабарландыру арқылы жеңілдетілген түрде тіркелсін", — деді министр.
"Нұрсұлтан Әбішұлы, олардың бәрін анықтап қойғанбыз. Ең негізгі мәселе оларды жұмысқа тарту. Биыл әкімдермен бірігіп, солардың ішінен 400 мың адамды бағдарламаға тартқалы отырмыз", — деп жауап қатты министр.