АСТАНА, 7 ақпан — Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Еуразиялық экономикалық одақ аясында отандық кәсіпкерлерді қорғауы тиіс интеграциялық органдардағы шенеуніктердің жұмысын сынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Менің ойымша, ұлттық экономика министрлігі Еуразиялық экономикалық одақ аясында отандық кәсіпорындарды қорғау үшін бұл субсидияларды ұсынуды нақты жоспарлау керек. Еуразиялық экономкиалық одақ ішінде бәсекелестік бар, бұл дұрыс, өйткені бұл нарық. Осы сұрақпен айналысатын біздің мамандар білікті болуы тиіс, тек біздің ғана емес, одаққа мүше мемлекеттердің экономика салаларының қыр-сырын білуі керек. Бізге министрліктердің құрылымдық бөлімдерінде ғана емес, мемлекетаралық интеграциялық органдарда да кәсіби мамандар қажет. Бірақ, өкінішке қарай, бүгінде біздің шенеуніктер отандық өнім өндірушілердің құқығын мен мүддесін толық көлемде қорғап жатыр деп айта алмаймыз. Егер біздің шенеуніктер осындай «ұйқылы күйде» жұмыс істеуді жалғастырса, онда отандық бизнес үлкен шығындарға ұшырайды", — деді Нығматулин.
"Сонда олар немен айналысады? Оларға мемлекеттік қаражат, оның ішінде салық төлеушілердің, сол бизнесмендердің есебінен ақша төлейміз", — деп атап өтті мәжіліс төрағасы.