Экономика

ЕАЭО Кеден кодексі күшіне енді

© Sputnik / Болат Шайхинов / Медиабанкке өтуЕуразия экономикалық одағы елдерінің тулары
Еуразия экономикалық одағы елдерінің тулары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа кеден кодексі декларациялау процесін жеңілдетіп, жемқорлық тәуекелін азайтады

АСТАНА, 1 қаңтар — Sputnik. Еуразия экономикалық одағының Кеден кодексі 1 қаңтардан бастап күшіне енді, бұдан бұрын құжатты Қазақстан, Ресей, Қырғыстан, Армения мен Беларусь қабылдаған болатын. 

Кеден кодексінің негізгі мақсаты – Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай кедендік реттеуді қамтамасыз ету.  

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің айтуынша, ЕАЭО Кеден кодексіне енгізілген негізгі қосымшалардың қатарына кедендегі бизнес-процестерді автоматтандыру жатады. 

Жүк көліктері, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Саясат
Қазақстан ЕАЭО-ның Кеден кодексі туралы шартты ратификациялады
"Электронды декларациялау басымдығы енгізіледі. Яғни, декларациялау электронды түрде жүзеге асады деген сөз. Қандай да бір растаушы құжатты қосудың қажеті жоқ. Қажетті мәліметтердің бәрі декларацияның өзінде көрсетіледі. Тек жекелеген жағдайларда ғана, мәселен техникалық ақау болған кезде, декларация қағаз жүзінде жүргізіледі", — деген еді мәжілісте заң жобасын таныстырған Сүлейменов. 

Бұған қоса, "бірыңғай терезе" тетігін пайдалану мүмкіндігі заңды түрде бекітілді. Енді кеден органдары декларанттан құжат сұратпайды, олар оны мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен өздері ала алады.  

"Осы екі тармақ тауарларды автоматты түрде шығаруды іске асыруға мүмкіндік береді. Яғни, кеден органдарының ақпараттық жүйесі, егер қандай да бір заңбұзушылық анықталмаса, лауазымды тұлғалардың қатысуынсыз декларация шығарады. Аталған нормалар декларациялау процесін жеңілдетіп, жемқорлық тәуекелін азайтады", — деді министр. 

ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов - Sputnik Қазақстан
Экономика
ЕАЭО дәрі-дәрмек нарығы Қазақстан үшін несімен тиімді
Сондай-ақ, сыртқы экономика қызметінің қатысушыларына өз шығындарын оңайлату, мәселен, кедендік баж бен салық бойынша төлем мерзімін ұзарту мүмкіндіктері пайда болды. Егер қандай да бір себеппен декларант кедендік баж бойынша бюджетпен есеп айырыса алмаса, онда мемлекет оған пайызды қоса төлеумен бір айға төлем мерзімін ұзарту мүмкіндігін ұсынады. 

Жекелеген жағдайларда пайыз төлемінсіз алты айға дейін бөліп төлеу мүмкіндігі беріледі. Бұл, мәселен, халықаралық шарттар аясында тауар жеткізуді жүзеге асырғанда, ауыл шаруашылығы техникаларын, егіс материалдарын, асыл тұқымды малдарды әкелгенде, табиғи немесе технологиялық апат салдарынан төлеушіге шығын келгенде жүзеге асады. 


Жаңалықтар
0