Биртанов о рынке лекарств ЕАЭС: это открывает большой потенциал для РК
"Біртұтас нарық деген Қазақстанда өндірілетін қазақстандық дәрі-дәрмек препараттарының өңір елдері – Ресей, Белоруссия және тағы басқа жерлерде қосымша кедендік, тіркеу рәсімдерді өтусіз еркін сату", — деді Біртанов журналистерге.
"Бұл өндірушілердің шығындарын біршама азайтып, іс жүзінде қазақстандық фармацевтикалық препараттарға осы аймақта өзге өндірушілермен бәсекеге түсуге мүмкіндік береді. Бұл біздің фармацевтикалық компаниялар үшін үлкен әлеует деп санаймын, өйткені нарық көлемі біршама артады. Бірақ бұл ретте, әрине еш нәрсе оңай емес, өйткені компаниялар бәсекеге дайын болуға тиіс, әсіресе бағаға қатысты", — деп қосты ол.
Дәрі-дәрмек заттарының бірыңғай нарығы 6 мамырдан бастап әрекет ете бастады.