АСТАНА, 13 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Шарттың негізгі мақсаты Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай кедендік реттеуді қамтамасыз ету болып табылады. Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі кедендік реттеу саласында:
— кеден декларациясы тіркелген сәттен бастап төрт сағаттың ішінде тауарларды шығаруды жүзеге асыру;
— кеден декларациясын тіркеуге және тауарларды автоматты түрде шығаруға байланысты кедендік операцияларды кеден органдарының лауазымды адамдарының қатысуынсыз жасау мүмкіндігі;
— Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесінің берілуі мүмкін заңды тұлғалардың санаттарын көбейту, арнайы жеңілдіктердің тізімдерін, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың бүкіл аумағындағы кедендік бақылауға қатысты арнайы жеңілдіктердің тізімдерін ұлғайту сияқты жаңа басым бағыттарды енгізеді.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.