Саясат

Назарбаев ЕАЭО туралы: біз дұрыс бағыт алдық

© Sputnik / Болат ШайхиновЗаседание Евразийского межправительственного совета
Заседание Евразийского межправительственного совета - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, Еуразиялық экономикалық одақты құрғанда, тараптар дұрыс бағыт алған

АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың пайымдауынша, Еуразиялық экономикалық одақты нығайту керек.

Астана - Sputnik Қазақстан
Саясат
Астанада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы басталды

"Менің пікірімше, біз осы уақытқа дейін дұрыс бағытта келе жатырмыз. Туындаған мәселелерге қарамастан, Еуразиялық экономикалық одағымызды күшейтуіміз керек. Қазір алдымыздағы мақсатымыз – ішкі мәселелеріміз бен елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты әрі қарай дамыту. Бұл орайда негізгі жұмыс үкіметтердің мойнына артылады: экономикалық мәселелерді шешу, мемлекеттердің өзара ынтымақтасуын реттеу", — деп атап өтті Қазақстан президенті ЕАЭО елдерінің үкімет басшыларымен кездесу барысында. 

Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің премьер-министрлері Бақытжан Сағынтаев (Қазақстан), Карен Карапетян (Армения), Андрей Кобяков (Белоруссия), Сооронбай Жээнбеков (Қырғызстан), Дмитрий Медведев (Ресей) қатысып жатыр. Сондай-ақ отырысқа қатысушылардың ішінде Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Тигран Саркисян да бар.

Елбасы атап өткендей, Еуразиялық экономикалық одақтың құрылғанына үш жыл болды, ұйым жұмысының басты факторы "ортақ нарық пен бірыңғай экономикалық құрылым құру".

Нұрсұлтан Назарбаев сөзін қорытындылай келе, бүгінгі отырыстың ұйымның әрі қарай дамуына айтарлықтай үлес қосатынын айтып, кездесуге қатысушылардың еңбегіне жеміс тіледі.

Жаңалықтар
0